Қазақстандық каратэші Нұрқанат Әжіқанов Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жекке қатысты, деп хабарлайды Sports.kz.
“Алтын” үшін күресте Нұрқанаттың қарсыласы 2023 жылғы Азия чемпионы, Иорданиялық Хасан Масарвех болды. Қазақстан өкілі 8-0 есебімен жекпе-жектің жеңімпазы атанды.
Бұған дейін ол Непал мен қырғызстандық қарсыластарын жеңіп, жартылай финалда малайзиялық Рагонатхан Шармендранды 4:3 есебімен жеңді.
Нұрқанат Әжіқанов әлем чемпионаттарының екі дүркін қола жүлдегері және Азияның үш дүркін чемпионы.
Осылайша, қазір Қазақстан активінде-2023 жылғы Азия ойындарының 57 медалі: сегіз алтын, 12 күміс және 37 қола.