Азаматтардың МӘМС үшін төлеген ақшасы қайда кетеді?

Азаматтардың МӘМС үшін төлеген ақшасы қайда кетеді?

«Менің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандаруға аударған жарналарым қайда?», «Қорға қанша ақша жиналды?», «Емханаға бармасақ ақшаларымыз күйіп кете ме?».  Бұл сұрактар әлеуметтік желіде жиі қойылады. МӘМС жүйесі 2020 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанына және оны енгізу туралы акпарат үнемі жарияланып тұрғанына қарамастан, азаматтардың көпшілігі әлі күнге дейін жарналар мен аударымдар қайда кететінін аңғармайды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мамандарының айтуынша, «МӘМС жүйесі медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, қаржыландыру тапшылығын төмендету қажеттілігіне байланысты енгізілген.

Егер 2019 жылы денсаулық сақтау саласына 1,03 трлн теңге бөлінген болса, 2023 жылға қазірдің өзінде 2,5 трлн теңге қарастырылған. Бұл көрсетілетін медициналық қызметтердің санын ұлғайтуға мүмкіндік берді, соған сәйкес, азаматтардың көпшілігі барынша медициналық көмекке жүгіне алады.
Көптеген адамдар МӘМС төлемдері қорға түседі және ол қаражатты өз қалауы бойынша жұмсайды деп қателеседі. Жарналар мен аударымдар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі арнайы шотқа түседі (яғни, тікелей қорға емес), олар басқа мақсаттарға жұмсалынбайды. Ұлттық банктегі арнайы шоттан бұл қаражат медициналық ұйымдарға, қордың жеткізушілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілген медициналық қызметтерге төлем ретінде жіберіледі. Яғни, сақтандырылған азаматтар МӘМС тізбесіне енгізілген барлық қажетті медициналық көмекті денсаулық көрсеткіштері бойынша тегін алады, олар үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жинақтаушы жүйе емес, баршаға ортақ жүйе. Қазақстандық модель пациентке денсаулық жағдайы бойынша талап етілетін емнің қол емімен құнын шектемеу үшін әлеуметтік бағдарланған түрде құрылды. Мысалға қарастырайық. Бір жыл ішінде мүмкін болатын ең жоғары жарнамен 1 адам тек 168 мың теңге (айына 14 000 теңгеден) жинайды. Бұл қаражат дербес шотта жиналып, пациент оларды өз қалауы бойынша емделу үшін пайдалана алады деп есептейік. Бірақ, бұл сомаға ол шектеулі мөлшерде ғана ем ала алады. Тек стандартты сынақтар жиынтығы, гормондарды, инфекциялардың болуын тексеру үшін бірнеше ондаған мың сома кажет.

Бір жыл ішінде жинақталған жарналар диагноз қою үшін толық тексеруден өтуге де жеткіліксіз болуы мүмкін. Сонымен қатар күндізгі стационарға бару немесе тәулік бойы ауруханаға жату қажет болады. Егер ота жасалатын болса, олардың құны бірнеше миллион теңгеге жетуі мүмкін, онда пациент жай ғана медициналық көмексіз қалады. Жиналған каражат емделуге кететін шығынды жабуға жетпейді. Сондықтан, бұл тәсіл пациенттің өзіне тиімсіз. МӘМС жүйесінің отандық моделінде барлық қаражат Ұлттық банктегі бірыңғай арнайы шотқа түседі. Ал сол жерден қаражат төлеушінің санатына және төлеген жарналардың мөлшеріне қарамастан, барлық сақтандырылған азаматтарға МӘМС бойынша көрсетілген медициналық көмек үшін төленеді. Егер медициналық көмек алу бойынша тағы сұрақтарыңыз болса, өз емханаңыздағы «Пациенттерді қолдау» қызметіне жүгіне аласыз. Келесі байланыс арналары арқылы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтініш қалдырып, «сақтандырылған» мәртебесін тексеруге болады:
• fms.kz ресми сайты,
• 1414 байланыс орталығы,
• Qoldau 24/7 мобильді қосымшасында білуге болады.

     Мәдина Акешова,

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ

журналистика мамандығының 3 курс студенті. 

Жаңалықтармен бөлісу