Аяқ тырнағы мен шаш  проблемаларының қалай алдын аламыз?

Аяқ тырнағы мен шаш проблемаларының қалай алдын аламыз?

Шаш – кез келген адамның әшекейі, оның жақсы көрінуі үшін оны қорғау керек. Жақында бір таныс құрбым шашын түрлі түске бөлектетіп (мелирование) бояймын деп, шашынан айрылып қала жаздады. Себебі, осылай осыдан үш ай бұрын ғана жасатқан екен. Оны шаш бояйтын мастерге ескертпеген өзі кінәлі болып шықты.

Содан шашының бірсыпырасы түсіп қалды. Қазір күйген шашы мен бас терісін емдетіп әуреге түсіп жатыр… Тағы бір құрбымның апасы үнемі аяғының тырнақтарына педикюр жасата беретін. Қазір ол кісі де соның зардабынан тырнағын емдетіп жатқан көрінеді.

Жалпы, айта берсек мұндай мысалдар жетіп артылады. Ал, мамандар түрлі бояулармен шашты жиі-жиі бояудың да, тырнаққа маникюр мен педикюрді жиі жасата берудің дұрыс еместігін айтады. Өйткені, шаш өз алдына, тырнаққа, тырнақ айналасындағы теріге де күтім жасап тұру керек.

Наталья ФАДЕЕВА, клиент:

– 15 жыл бойы педикюр жасатып жүрдім. Онда аяғымның өсіндісін пышақпен кесетін. Ал менде қант диабеті болғандықтан, аяғым суланып,  өсіндісі тез өсетін. Подологқа барып екі рет SMART педикюр жасатып, емдеттім. Екіншісінде кәдімгідей нәтижесін де байқадым. Аяғымның өсіндісі өз қалпына келді. Шебердің берген ұсыныстарын тастамай жасап жүрдім. Қазір өзімді өте жақсы сезінемін. Подолог Викторияға алғысым шексіз!.

Виктория ЯНЦЕН, подолог:

– Подолог – бұл аяқ пен тырнақ ауруларын диагностикалаумен, алдын-алу және емдеумен айналысатын маман. Тырнақ аурулары, мәселелері өте көп, ониходистрофия – аяқтың тыр-
нақ құрылымы, сыртқы түрі немесе пішіннің өзгеруі, онихолозис – тырнақтың травматикалық немесе механикалық зақымдануы, өскен тырнақ, сүйел тағы басқалары. Бізде көп кездесетіні онихолезис, өскен тырнақ, сүйелдер, мозоль. Үй жағдайында  бұларды емдеуге кеңес бермейміз, бірақ жақпамай жағуға болады. Әйткенмен, сүйел мен мозоль үй жағдайында емделмейді. Тырнақ ауруларын өзін-өзі емдеу асқынуға және хронизацияға әкелуі мүмкін. Маникюр және педикюр тырнақты бүлдіре алады. Химиялық күйік (химически ожог) сау-
сақтардың ауырсынуы, тырнақтың түсінің өзгеруі немесе керісінше қараюы, теріде бөртпелер пайда болуына әкеледі. Кейде қарапайым тырнақты дұрыс алмау да үлкен проблемаға әкеледі. Бізден  онлайн және офлайн консультация алуға болады. Подолог-
қа айына бір рет міндетті түрде келу керек. Егер пациент емделгеннен кейін біз берген ұсыныстарды  ұстанбаса, мысалы аяқ киімін, шұлығын ауыстарамаса, онда бұл аурулар қайтадан шығады. Көбіне үлкен кісілер көп келеді. Кейде тіпті кішкентай балалар да келеді, өйткені тырнағын дұрыс алмаған. Егер сізде аяқ немесе тырнақ проблемалары болса, подологқа баруды кейінге қалдырмаңыз!.

Мария ЮСУПОВА, трихолог:

– Мен медицина саласында 2010 жылдан бері жұмыс істеймін. Терапевт және эндокринолог болып жұмыс істегенде маған көп қыздар шаш мәселелері бойынша  келетін. Менде өзімде де шаш проблемалары болатын. Осы кезден бастап трихология саласына келдім. Трихолог – бұл шаш және бас терісі бойынша сарапшы. Яғни шаш пен бас терісінің ауруларын диагностикалаумен, емдеумен және алдын-алумен айналысатын маман. Москвада, Санкт-Петербургта оқып, білім алдым. Әлі де осы салада оқып жүрмін. Өйткені трихология саласы бір орында тұрмайды, үнемі дамып отырады. Адамдар көбіне шаштың түсуі, қайызғак, қышу (зуд),  алопеция (диффузиялық, андрогенетикалық, симптоматикалық, тыртық) жағдайларымен көп келеді. Кейде шаш проблемаларын өздігінен емдеу, жағдайдың нашарлауына және асқынуларға әкелуі мүмкін. Мысалы жүкті әйелдің шашының түсуі қалыпты жағдай. Яғни, организм өзгереді деген сияқты, оны үй жағдайында емдеуге болады, ал басқа жағдайларда әрине трихологқа жүгінген жөн. Өйткені, артынан кеш болып қалуы мүмкін. Шампунь, сарысу (сыворотки), лосьон, кондиционер, маскалар мен витаминдер қабылдап, үй жағдайында күтініп көруге болады. Бірақ, кейде олар да көмектеспей қалуы  мүмкін. Шампуньды да шаштың түрлеріне қарап алу керек. Сондай-ақ, егер шаштың терісі майлы болса онда міндетті түрде күнде жуып отыру керек. Ал егер жақсы күйде болса аптасына 2-3 рет жууға болады. Құрғақ болса жетісіне 1-2 рет жуған дұрыс. Бізге келгенде кеңес беріп қана қоймаймыз, ең алдымен бас терісі мен шашты мұқият тексереміз, мәселенің себебін дәл анықтау үшін сандық трихоскопия арқылы қан сараптамасын зерттейміз.  Есіңізде болсын сау шаш – бұл сұлулық қана емес, сонымен қатар сіздің денсаулығыңыздың кепілі!.

Д.Мүжікпаева

 

Жаңалықтармен бөлісу