АУЫР АТЛЕТИКА: 70 КЕЛІГЕ ОЗЫП КЕТКЕН АЙСАМАЛ

АУЫР АТЛЕТИКА: 70 КЕЛІГЕ ОЗЫП КЕТКЕН АЙСАМАЛ

Ауыр атлетикадан Қостанайдағы ел чемпионатында әйелдер бәсекесі мәресіне жетті.
Ерлер. 89 келі (Олимпиадалық салмақ)

1) Денис Уланов (ШҚО) – 346 келі (151+195)
2) Егор Шерер (Қостанай облысы) – 345 келі (160+185)
3) Евгений Евстафьев (Қарағанды облысы) – 311 келі (151+160)

2023 жылдың соңында ғана жарысқа оралған Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Улановқа ел чемпионатында чемпион атану әжептеуір қиынға түсті.

Әлемдік гран-при кезеңі.
Денис Уланов — 341 келі (150+191)

2023 жыл. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты.
Егор Шерер — 334 кг (153+181)

Әйелдер. 81 келі (Олимпиадалық салмақ)

1) Аружан Даулетова (Шымкент қ.) – 190 келі (85+105)
2) Асылзат Дөненбаева (Қызылорда облысы) – 182 келі (78+104)
3) Зинаида Захарченко (Қостанай облысы) – 181 келі (80+101).

87 келі (+81 келі Олимпиадалық салмаққа жатады)

1) Анжела Чалкарова (Жетісу облысы) – 210 келі (94+116)
2) Динара Қыпшақбай (Қызылорда облысы) – 202 келі (87+115)
3) Сәния Орманбаева (Алматы қ.) – 201 келі (86+115)

+87 келі (+81 келі Олимпиадалық салмаққа жатады)

1) Айсамал Сансызбаева (Қызылорда облысы) – 240 келі (105+135)
2) Аида Ибраим (Жетісу облысы) – 170 келі (75+95)
3) Сандуғаш Хауметова (Қызылорда облысы) – 150 келі (65+85)

Аса ауыр салмақта әзірше ел ішінде Айсамалға тең келер қарсылас табылмай тұр. Десе де, жерлесіміз өткен жылы Гвадалахара төріндегі жасөспірімдердің әлем чемпионатында басты фаворит саналғанымен, Тайпей спортшысына 2 келіге есе жіберген еді.

2023 жыл. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты.
Айсамал Сансызбаева — 250 келі (107+143)

Жаңалықтармен бөлісу