“Азық-түлік корпорациясы” АҚ арқылы ауыл шаруашылығы өнімін және тауарлық кредитті форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдарына 438,9 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін тапсыруы қажет. Оның ішінде форвардтық сатып алу бойынша 101,4 мың тонна, тауарлық несие үшін 337,5 мың тонна астық сатып алынды.
Облыстық ауыл шаруашылығы құрылымдары “Азық-түлік корпорациясы” АҚ есебінен 37,4 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін қайта рәсімдеді. Ақшалай қаражатпен 1,5 млрд теңге көлемінде міндеттемелер өтелді.
– “Азық-түлік корпорациясы” АҚ 3% мөлшерінде банктік сыйақыларды өтей отырып, шарттың орындалу мерзімін бір жылға ұзартпақ. Форвардтық сатып алу бойынша міндеттемелерді ұзартуға 354 өтініш түсті. Мұны қаржыға шақсақ 3,3 млрд теңге болады, – дейді басқармасы өкілдері.
Тауарлық кредит бойынша міндеттемелерді ұзартуға 30 өтініш берілген. Өнім көлемі 337,5 мың тонна. Бұл 38 млрд теңгеден асады.
Өткен жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында облыс үшін Үкімет резервінен “Азық-түлік корпорациясы” АҚ арқылы астық сатып алуды жүзеге асыру үшін 8,5 млрд теңгедей бюджет қаражаты бөлінді.
Осылайша, барлық бөлінген бюджет қаражаты толық көлемде игерілді. Ауыл шаруашылығы құрылымдарынан барлығы 10,4 млрд теңгеге 4, 5- класты және еш санатқа жатпайтын 150 мың тоннадан астам астық сатып алынды.
Әлібек ЫБЫРАЙ