Ауыл кеші көңілді

Ауыл кеші көңілді

Октябрь кентінің құрылғанына 74 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараны ауылдықтар екі күн қатарынан сән-салтанатымен атап өтті. Жұма күні балалар арасында веложарысы ұйымдастырылды, одан кейін жергілікті орындаушылардың, Лисаков қаласының «Родные напевы», «Беспокойные сердца», «Ару аналар», «Забава» және «D Fox» хор ұжымдарының қатысуымен мерейтойлық концерт ұйымдастырылды.

Сенбі күні Октябрь кентінің құрылған күніне арнап жергілікті командалар мен көрші аймақтар арасында үшінші ашық спартакиада өтті.

Спартакиаданың ашылу салтанаты Лисаков қалалық мәслихатының төрайымы К.Мұхамадиеваның құттықтау сөзімен басталды.

Күлзада Хамитқызы Октябрь кенті тұрғындарын мерекемен құттықтап, спартакиаданың барлық қатысушыларына сәттілік, тартысты ойын және жарқын жеңіс тіледі. Спорттық шаралармен қоса, балаларға арналған квесттер, байқаулар, мультфильмдер және ойын-сауық бағдарламалары қатар ұйымдастырылды.

мерекелік кештің екінші күні Лисаков қаласы ҚМжСО жергілікті көркемөнерпаздардың және танымал әнші Азамат Ибраев қатысуымен «NEW AMSTERDAM» кавер тобы өнер көрсетті.  Қостанай қаласынан арнайы келген DJ Greek түнгі би-кешінде жалғасты.

Октябрь кентінің 74 жылдығына арналған үшінші ашық спартакиада аясында бірінші басшылар арасында үстел теннисінен жарыс өтті. Тартысты додада Лисаков қаласының әкімі Абай Ибраев жеңімпаз атанды. Екінші орынды КБКБ директорының орынбасары Серік Акушев, үшінші орынды «Лисаковқалакоммунэнерго» МКК бас директоры Жеңіс Махамбетов иеленді. Жалпы командалық есепте спартакиаданың қорытындысы бойынша бірінші орынды Лисаков қаласының командасы жеңіп алды, екінші орын – КБКБ бұйырды, 3 орынды Октябрь кентінің командасы иеленді.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Суреттерді Лисаков қаласы әкімінің баспасөз қызметі ұсынды

Лисаков қаласы

Жаңалықтармен бөлісу