“Ауыл Аманаты”: шарты оңайлатылған несие кімдерге тиесілі?

“Ауыл Аманаты”: шарты оңайлатылған несие кімдерге тиесілі?

Қостанай облысында «Ауыл Аманаты» шағын несиелеу бағдарламасы жүзеге асырылуда. Микрокредиттер ауыл тұрғындарына өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын дамыту немесе жаңа бизнес идеяларды қолдау және техника сатып алу үшін қолайлы шарттармен беріледі. Ауыл тұрғындарына, әсіресе, атаулы әлеуметтік көмек алушылар мен табысы төмен адамдардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік жасалған.


Толық ақпарат алу үшін кенттер мен ауылдық округ әкімдеріне, аудандық ауыл шаруашылығы және халықты жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгінуге болады.

Жаңалықтармен бөлісу