Ауыл әкімінің айтары бар

Ауыл әкімінің айтары бар

Науырзым  ауданына қарасты  Қожа  ауылы  облыс  орталығынан  шалғай  жатқан  елді  мекен. Қашан  барсаңыз  да  қыз-қыз  қайнаған  тірлікке  куә  боласыз.  Оның  бәріне  ұйытқы болып, шапқылайтын ауыл әкімі. Туған жері жанына ыстық. Ауылдың  қазынасы  орталмай, жайқала түскенін қалайды. Республикалық эстафетаны қожалықтар бір деммен  жалғап кетті.

Мекемелердің аумағы, бұзылған үйлердің орны тазаланды. Қыстан  шыққан  қоқыстар толығымен  шығарылды,  енді жаз  айларында  тағы  жинақталған  қоқыстар қосымша жиналу  көлеміне байланысты  шығарылады.

Ауыл  әкімі Айгүл  Күйекбаева бұл  акцияның тұрғындардың өздері  үшін  жасалып  жатқанын  әлі  де  түсіндіру  керек екенін  айтып  отыр.

“Ауылда  әлі  де  осы  акцияға  жұмыла  атсалысуды түсінбей жүрген тұрғындар  бар. Ұстап отырған малдарына ие болмайды, тұтынған тамақ қалдықтарын көшенің  жиегіне тастап кететіндер кездеседі. Кейде соңдарына түсіп, өзім жинауыма тура  келеді”, –  дейді  ауыл  әкімі.

Осы  орайда  ауыл  әкімі  жерлестеріне  үндеу  жариялады.

«Ауылдан көшіп кеткен тұрғындарға айтарым бар. Қожа  ауылына  тиесілі  бос  тұрған  үйлеріңізді орталық деректер  қорынын шығаруды  өтінеміз,  ол  үшін  сіздер  үйлеріңізді  негізгі  іргетасына дейін тазалап, содан кейін әкімшіліктен анықтама алып, сол анықтама негізінде өз  аттарыңыздан  шығаруға болады. Ауылдың  эстетикалық  сәнін  өздеріңіз тұрып, көшкеннен соң жартылай  бұзып, тастап кеткен үйлер бұзып тұр. Біз оны өз бетімізбен тазарта да алмаймыз. Алқам-салқам, ауылдың ажарын кетіріп, қаңырап жатыр. Сіздерге  хабарлама  берілген. Осы  талаптарды  орындалмағаны  үшін  505- бап  әкімшілік  құқық  бұзушылық  бойынша   айппұл  салынатынын  ескертеміз.   Сондықтан  ауыл   жақсы  болсын десек, әр  қайсымыз туған  ауылымызға жаңашырлықпен  қарап  атсалысайық. Құрметті  ауылдастар! Айыппұл  төлегенше,  әрқайсымыз  өз  үйлеріміздің  маңын,  көшемізді,  қалыпты  жағдайда,  қоқыстардан  таза  ұстайық», – дейді  Айгүл Күйекбаева.

«Таза Қазақстан»  акциясында  аудан- қалаларда ғана  емес,  ауылдық  жерлерде де  өтіп  жатқанын  айта  кетейік. Осыны  түсінген әрбір жан тазалықты ең бірінші өзінен бастауы қажет. Өзге ауылдар сияқты қожалықтар да бұл бастаманы қолдай  кетті. Ауылдың  көркін  ашып,  үнемі  тазалап  отыруды  парыз  санайды. Тазалық  ауылдың  басты  мақтанышына  айналса  екен  дейді. Сол  себепті  акцияға  үлес  қосайық  деп  қана  емес,  ауылды  таза  ұстайық  деп  үнемі  айтып  жүреді.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Науырзым ауданы

Жаңалықтармен бөлісу