Лисаков қалалық ауруханасы азаматтар мен науқастардың қалауы бойынша 84 медициналық функционалды төсек-орындар сатып алынды. Оның 10-ы реанимациялық төсек. Сатып алу облыстық бюджет қаражатынан және аурухананың өзін үнемдеу қаражатынан жүргізілді.
Алдағы айда акушерлік және гинекология бөліміне жүкті әйелдер мен босанатын әйелдерге арналған тағы 25 төсек-орын келеді деп күтілуде. Сонымен қатар, өткен жылдың соңында аурухана науқастарға арналған 135 тумбочка сатып алған.
Аурухананың материалдық-техникалық жабдықталуы сатып алу арқылы жақсарып келеді. 50 банкет, 25 диван, 25 ауыстыратын үстел және кішкентай пациенттер үшін перзентханаға 10 нәресте бесігі алынған.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА.