Әулиекөлдік «Шабыт» театры жаңа спектакльдің премьерасын ұсынады

Әулиекөлдік «Шабыт» театры жаңа спектакльдің премьерасын ұсынады

Ертең Әулиекөлдік «Шабыт» театрының құрылғанына бір жыл толмақ. Жас әрі дамып келе жатқан ұжым өздерінің алғашқы мерейтойын жаңа спектакльдің премьерасымен атап өтеді.

Көрермен назарына ұсынылғалы отырған қойылым отбасы құндылығы мен жақындарымызға деген жауапкершіліктің маңыздылығын еске салатын маңызды оқиға болмақ.
Театр сахнасында лудомания, нашақорлық және отбасылық қатынастардың бұзылуы сияқты мәселелер көтерілмек. Кейіпкерлердің тағдырлары, олардың қателіктері трагедиялық салдарға алып келетін оқиға көпшілікті бейжай қалдырмауы тиіс. Отбасының ыдырауы, өзара түсіністік пен құрметтің жоғалуы, қарт ата-аналардың қайғылы қазасы – осының бәрі жауапсыздық салдары.

Спектакльді дайындауға әртүрлі мамандықтағы және түрлі жастағы адамдардан құралған ұжым еңбек етті. Мұғалімдер, дәрігерлер, мемлекеттік қызметкерлер және оқушылар – «Шабыт» театрында өнерге деген сүйіспеншілікпен және адалдықпен жұмыс істейді.

Қойылым 18 желтоқсан сағат 17:00 – де басталады.

Жаңалықтармен бөлісу