Науырзым ауданында Атом электр стансасы салу туралы референдум сайлауы өтуде.
Науырзым ауданы бойынша 15 сайлау учаскесі, 10 сайлау округі және 1 аудандық сайлау комиссиясы өз жұмыстарын бастады. Науырзым ауданында 4534 адам сайлау құқығына ие.
Науырзым ауданының құрметті азаматы Шотбай Қайыржанов
үнемі ең бірінші болып келеді. Бүгін де әдеттегідей өз таңдауын жасап, сыйлық алды.
Сайлау учаскілері жергілікті уақытпен таңғы 07:00-де жұмыстарын бастап, дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.