Бұл байқау жастардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған. Онда жастардан түрлі тақырыпта жоба қабылданады. Жобалық ұсыныстар әкімдіктің құзыреті мен өкілеттік деңгейіне сәйкес болуы тиіс.
Өтінімдерді қабылдау кезінде жобаны келісу және объектіні теңгерімге қабылдау арқылы оны іске асыруға жәрдемдесуге дайын екендігі туралы аудан әкімдігінің ұсыным хаты қоса берілуі қажет. Байқаудың үздік жобасы қазылар алқасының шешіміне сәйкес, 1 000 000 (бір миллион) теңге алады, сондай-ақ жобаның авторы немесе авторлық тобы конкурсты әзірлегені және жеңгені үшін 100 000 (жүз мың) теңге сомасымен марапатталады.
Қатысу және байқау ережелерімен егжей-тегжейлі танысу үшін @jastarruhy_qostanai профиль тақырыбындағы сілтеме бойынша өтіңіз.
Байқауды облыстық қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «ЖастарРухы» қоры» іске асырады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі 30 мамырға дейін жалғасады.