Науырзым аудандық орталық кітапханасында ауданның құрылғанына 60 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.
“Бұл көрме ауданымыздың тарихында елдің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосқан тұлғалар мен әлі де енбек етіп жүрген ауылдастарымызды жас ұрпаққа төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келетін жерлес аға-буын өкілдерінің өмірін, енбек жолын, қасиетті де киелі жерлерін насихаттау үшін жасалып отыр”, – дейді көрмені жүргізген кітапханашы Жанат Шетіғұлова.
Кітап көрмесі үлкен екі бөлімнен тұрады.
Алғашқы бөлімде Науырзым ауданының тарихы, басшылары, құрметті азаматтары, сонымын қатар киелі жерлер туралы мәлеметтер мен Науырзым ауданынан шыққан ақын жазушылардың кітаптары топтастырылған.
Келесі бөлімде Қазақстанның қазынасы Науырзым қорығы туралы мәліметтер, онда тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктер дүниесі жайлы кітаптар қойылған.
Кітап көрмесінің ашылу салтанатына ауданымыздың басшылары, мекеме қызметкерлері және басқа да құрметті қонақтар шақырылды.
“Біздің ауданда Науырзым қорығы ерекше маңызға ие. Бүгінде Қазақстанның қазынасының біріне айналып келеді. Қорық жан-жануарлар дүниесіне өте бай. сүтқоректілердің 40-тан астам, құстардың 250-дей, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 3 және балықтардың 10-ға жуық түрлері тіршілік етеді. Осы жөнінде ауданымызда тұратын әрбір азамат білу керек деп санаймыз. Сол себепті осындай кітап көрмелері аудандық кітапхана қабырғасында оқырмандар үшін тұрақты түрде жайылып тұру керек”, – дейді Науырзым аудандық мәслихатының хатшысы Г. Әбенова.
Міне, мына жерде ауданның 1964 жылдың 31 желтоқсанында Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Жоғарғы Кеңесінің Президиумның Жарлығымен Қостанай облысының Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Жоғарғы Кеңесінің құрамында жаңа 31-ші аудан болып құрылғаны жайлы жазылыпты.
Оның құрамына Семиозер ауданының 4, Октябрь ауданының -2, Аманкелді ауданының – 2 кеңшары кіріп, жаңа Буревестник шаруашылығы құрылғанын көруге болады.
Жиында білім беру бөлімінің басшысы С. Туленов, Науырзым қорығының зейнеткері К.Нысанбайұлы және Түркебай ата мешітінің алқа мүшелері қатысып, жылы лебіздерін білдірді.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА
Науырзым ауданы