Автомобиль жолдары комитеті сенім телефонын іске қосты jjtv.kz

Автомобиль жолдары комитеті сенім телефонын іске қосты

Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу бойынша жобаларға қатысатын мердігер ұйымдар үшін сенім телефонын іске қосты.

Мердігер ұйымдар жобаларды іске асырудың кез келген кезеңінде төменде көрсетілген нөмірлер бойынша хабарласа алады: –98-35-33; 98-35-35 (ахуалдық орталық); –79-98-18 (Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті) Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне 1424 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Жаңалықтармен бөлісу