Жітіқара ауданында елімздің басты ұлттық мерекесі – Республика күніне арналған концерт өтті. Іс-шараға Жітіқара ауданының әкімі Аслан Жаныспаев, жергілікті билік өкілдері, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет саласының қызметкерлері, кәсіпорын қызметкерлері мен марапатталған азаматтар және тұрғындар қатысты.
Рудный қаласында “Алтын бөбек” балабақшасы ашылды
Рудный қаласында Республика күнінде “Алтын бөбек” балабақшасы бүлдіршіндерге есігін айқара ашты. Аталмыш балабақшаның құрылысы өткен жылы басталған еді.
Қостанайда екі күнге жалғасатын инвестфорум басталды
Қостанайда “Қостанай Инвест 2024” форумы өтіп жатыр. Іс-шара екі күнге жоспарланған. Алғашқы күні 3 панельдік сессия болады. Онда жұмыс істеп жатқан және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, жас старт-апперлер және жалпы облыс тұрғындары үшін көпшілікке танымал және әлеуметтік желілерде мыңдаған аудиториясы бар табысты кәсіпкерлер мен бизнес-коучерлертегін шеберлік сағатын өткізеді.
Қостанай-2 ауданының тұрғындары әлеуметтік төлем алмайды
Біржолғы әлеуметтік төлем алуға барлығы 1800-ден астам қостанайлық өтініш берген. Қостанай ауданының 10 тұрғынын қосқанда, оларға 67,1 млн теңге өтемақы төленген.
Ұлттық құрылтай һәм Қазақ тілі
Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев тағы да тіл түйткіліне тоқталды. Президент мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейте түсу мемлекет саясатының басты бағыты екенін атап өтті. Президент: “Елімізде қазақ тіліне деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастады. Бұл үрдісті одан әрі дамытудың ең тиімді әрі төте жолы […]
Қостанай жылу-энергетикалық компаниясының бұрынғы басшысы қызметіне қайта отырды
Қостанай жылу-энергетикалық компаниясының бұрыңғы басшысы Асқар Бекпағанбетов орнына қайта отырды. Оған 79 млн теңге көлемінде ұрлады деп айып тағылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Қостанайда жастарды қолдау шаралары артып келеді
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қостанай облысына жасаған жұмыс сапары аясында А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті базасындағы “Qostanai it Hub” орталығында болды. Үкімет басшысы сондай-ақ, шығармашыл жастар өкілдерімен кездесті.
Кеншілер зейнетке 55 жастан шыға алады
Өндірісте зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндер 55 жастан бастап зейнетке шыға алады. Оларға 63 жасқа дейін әлеуметтік төлем төленеді. Қостанай облысына жұмыс сапарымен келген Мәжіліс депутаттары Альберт Рау мен Екатерина Смышляева бұл туралы кеншілермен кездесуінде айтты.
550 теңге: ыстық тамақ қымбаттайды
Қостанай қаласының мектептерінде ыстық тамақ бағасы келер жылдан бастап 100 теңгеге қымбаттайды. Осы уақытқа дейін 450 теңге болған еді. Бұл мәселе жөнінде қалалық білім бөлімі түсініктеме берді.
Аппеляциялық шағымы қанағаттандырылмады
Қостанай облыстық соты Қайыржан Әлімбайдың аппеляциялық шағымын қанағаттандырмады. Судья Мадина Саламатова Қостанай аудандық сотының шығарған үкімін өзгеріссіз қалдырды.