«Қостанай таңы» – Қостанай облысында мемлекеттік тілде ақпарат тарататын жалғыз әлеуметтік-саяси басылым. Газеттің алғашқы саны 1922 жылы 25 маусымда «Ауыл» деген атпен шықты. Ол РКП(б) Қостанай губерниялық комитетiнiң органы болды.
Президент Қауіпсіздік кеңесін өткізеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев таңертең Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізеді.
Қостанайлық оқушылар Жетісу облысынан жүлдемен оралды
2023 жылдың 18-24 маусымында Жетісу облысының Текелі қаласында мектеп оқушылары арасындағы спорттық туризмнен республикалық жарыстар өтті.
Мемлекет басшысы РФ президентімен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.
Арқалықтағы ЖЭО қағаз жүзінде ғана жұмыс істеп тұрғаны рас па?
Бірқатар ақпарат құралдарында Арқалық ЖЭО-ға қатысты ақпарат пайда болды. Олар Арқалық қаласындағы ЖЭО тек қағаз жүзінде іске қосылғанын хабарлады.
Әжейлер қалай алданды? Алаяқтар бұрынғы әдіске көшті
Интернеттегі алаяқтар бұрынғы әдіске қайта көшті. Олардың басты көмекшісі – үй телефоны. Тұрғындарға жақыны (туысы, баласы, немересі, т.б.) ретінде қоңырау соғады да, қиын жағдайға тап болғанын айтып алдап соғады. Кейінгі он күнде қостанайлықтар 50 миллион теңгесінен айырылған. Қостанай қаласы полиция басқармасының бастығы Болат Имановтың айтуынша, қулығына құрық бойламайтындардың бұл әдісі он бес жыл бұрын пайда […]
Рудныйда қазақ тілі мұғалімдеріне арналған семинар өтті
Рудный қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен “Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы” ҚБ-ның ұйымдастыруымен “Мемлекеттік тілді оқытудың әдіс-тәсілдері” атты мұғалімдерге арналған семинар өтті. Оған орыс тілді мектептерде қазақ тілінен сабақ беретін 50-ге жуық ұстаз қатысты.
Жеңілдетілген несие алды
Елімізде жастарға жеңілдетілген несие берілуде. Жоспар бойынша Арқалық қаласына да 7 адамға 35 млн теңге бөлінген. Қазіргі таңда 5 өтініш мақұлданып, 2 өтініш қаралу үстінде. Мамандардың айтуынша, жеңілдетілген несие, әсіресе, ауылдық жерлерде жұмыссыз жүрген жастардың кәсіптің кез келген түрімен айналысуына, оның ішінде мал шаруашылығын қолға алуына үлкен көмек. Сондай-ақ, барлық бағытта қарастырылған бұл жобаға жұмыс […]
Ғайния ЕСЕЕВА: «Ауылыңның иесі бол»
Елді азықпен қамтып отырған шаруаларға ауылда не жағдай жасалып жатыр? Тұрмыс-тіршілігі қандай? Әрине, шешімін таппай келе жатқан мәселе жетерлік. Ол жайлы «Ауыл» ХДПП Қостанай облыстық филиалының төрайымы Ғайния Есеевамен әңгімеде айтылды. – Ғайния Қалымжанқызы, облыс мәслихатының депутатысыз, «Ауыл» партиясының көп жылдан бергі мүшесі ретінде ауыл-аймақтың тақырыбы сізге бейтаныс дүние емес. Өңіріміздегі елді мекендердің бүгінгі жайы […]
“Әкемнен артық досым жоқ”
Арқалық қаласындағы №2 облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада 18 маусым – Әкелер күніне орай А. Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназияның оқушыларының қатысуымен «Әкемнен артық досым жоқ» атты сурет көрмесі өткізілді.