Әулиекөл ауданындағы әлеуметтік көмек саласының бас маманы Светлана Гернер “Әлеуметтік еңбек саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды.
Биыл облыста жергілікті маңызы бар мың шақырымнан астам жол жөнделген
Осы жылы облыстың жергілікті маңызы бар автожолдары мен елді мекендердің көшелерін жөндеуге 56,6 млрд теңге бөлінді. Бұл бұрнағы жылдарға қарағанда едеуір көп қаражат. Былтырғы сомадан 40,6 млрд теңге артық. Осы сомаға биыл жергілікті маңызы бар 1 100 шақырымнан астам автожол (142 учаске) және 108 елді мекенде 371 көше жөнделді.
Бүгінгі сапар нәтижелері екі елдің достық әрі өзара тиімді байланыстарын одан әрі нығайтады
Бүгін Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Бұл сапар екі ел арасындағы дипломатиялық, экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуды көздейді.
Биыл Жанкелдин аудандық ауруханасына бес дәрігер келді
Аудандағы халыққа қызмет көрсетіп тұрған аурухананың іргетасы 1977 жылдары қаланған. 47 жылдық тарихы бар ескі ғимарат жөндеу жұмыстарымен іргесін құлатпай, 2020 жылға дейін қалпында тұрды. 2020-2021 жылдары «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында екі қабатты аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, іші қажетті заманауи жабдықтармен жарақтандырылған еді.
Рудный қаласында Бейімбет Майлинге арналған мурал ашылды
Бүгін, 14 қараша күні, Рудный қаласында қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі, драматург, ақын, жазушы Бейімбет Майлиннің құрметіне арналған мурал ашылды. Қала орталығындағы Ленин көшесі, 215 мекенжайындағы үйге көрік берген туынды Б.Майлиннің 130 жылдық мерейтойына орай жасалып, қоғам назарын ұлы тұлғаның әдеби мұрасына аударуға бағытталған.
«Баланың бақытты мекені – отбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
«Баланың бақытты мекені – Отбасы» тақырыбында Ұлттық бала асырап алу агенттігі ұйымдастырған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанда Кәсіби қабылдаушы отбасы институтын енгізу туралы ақпарат беріп, пікір алмасу. Қазіргі таңда заң жобасы Мәжілістің жұмыс тобында қарастырылуда.
“Мемлекеттік тілге жеті қадам” форумында үздіктер марапатталды
Қостанай облысында мемлекеттік тілді дамыту мен медиа сауаттылықты арттыруға бағытталған «Мемлекеттік тілге жеті қадам» атты форум салтанатты түрде өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы — Қостанай облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы. Форумға облыс басшылығы, тіл жанашырлары мен түрлі этнос өкілдері, сондай-ақ арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
Синоптиктер қараша айында күн -24 градусқа дейін төмендейтінін болжап отыр
Қазгидромет қараша айында күн райы қатты суытататынын болжады.
Министр зейнетке ерте шығуға рұқсат берілуі мүмкін екенін айтты
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қоғамда талқыланып жатқан әңгімеге қатысты пікір білдірді. Бұл жөнінде BAQ.KZ тілшісі жазды.
Қостанай облысы: Инвестициялар мен дамуға жаңа серпін
Қостанай облысы өзінің зор мүмкіндіктері мен қарқынды дамып келе жатқан инфрақұрылымының арқасында инвесторлардың назарын аударуды жалғастыруда. Жақында ALUMCRAFT брендімен алюминий қорытпасынан жоғары сапалы пруттар мен профильдер шығаратын зауыт салуға байланысты бастама осының айқын мысалы.