Демалыс күндері балаларға шұғыл стоматологиялық көмек көрсету мақсатында ДБ бұйрығымен шұғыл стоматологиялық көмек көрсететін емдеу ұйымдары мынадай тәртіппен анықталды (қабылдау уақыты сағат 10.00-ден бастап, сағат 15.00-ге дейін):
Ұлттық нақышты дәріптеп жүрген қостанайлық қолөнер шеберінің көрмесі ашылды
Суретші-қолөнерші Арлан Аңқауовтың ерекше қолөнер бұйымдары көпшілікке жақсы таныс. Оның «Arlan Design» студиясы балаларды тәрбиелеп, баулиды. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында шебердің «Бабалар ізімен» атты көрмесі ашылып, бұл жолы тек өзінің ғана емес, шәкірттерінің де жұмыстары қойылды.
Ән мерекесі
Лисаков қаласында Наурыз мерекесі қарсаңында әншілер бақ сынап, думанды кеш өткізді. Бұл жоба «Сахналық жекпе-жек» деп аталады. Өнерпаздар жергілікті композиторлардың әндерін дәріптеп, орындаушылық шеберліктері мен шығармашылық белсенділіктерін арттырды. Үміткерлер – аға буын әншілер. Байқауға облыс көлемінен үміт артып келгендер көп болды.
Мерекемен ұласқан семинар
Қостанай қаласы білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес №7 жалпы білім беретін мектебінде республикалық, қалалық ынтымақтастық жұмыс түрі негізінде «Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт» республикалық жоба аясында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа бағыттағы әдіс-тәсілдерді пайдалану» тақырыбы бойынша семинар өткізілді. Онлайн форматта Павлодар, Көкшетау, Қарағанды қалаларының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жас мамандары қатысты.
Сайлаушылардың белсенділігі жоғары
Қостанайдағы «Береке» шағын ауданындағы №862 сайлау учаскесінде 1584 адам тіркелген.
Алғаш рет дауыс берді
Науырзым ауданы Раздольный ауылының №658 сайлау учаскесіне сайлаушылардың арасында кәмелет жасқа толып, алғаш рет дауыс бергендер де бар. Олар сайлау учаскесі ашылған сәттен бастап, өз таңдауларын жасауда. Кристина Волкова бірінші рет сайлауға қатысты. Ол алғашқылардың бірі болып дауыс берді. «Сайлауға бірінші рет қатысқан соң қобалжу бар. Мен үшін бұл үлкен жауапкершілік. Еліміздің жарқын болашағы үшін […]
Сайлаудағы сәттер (фоторепортаж)
Қостанайдағы сайлау учаскелерінен түсірілген суреттер.
Астанада жас ғалымдар бас қосты
Астанада «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында «Биомедицина, инженерия и технологиялар» атты ХII Наурыз кездесулері басталды.
БАҚ саласында қандай өзекті мәселелер бар?
А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті «Қазіргі заманғы журналистиканың және PR-дың өзекті мәселелері: медиа және бұқаралық ақпарат құралдарындағы жанжалды дискурс» тақырыбында V халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.
Тиімді мемлекет. Әділ қоғам.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан саяси реформаларды іске асырудағы сабақтастық пен дәйектілік – бұл бірінші кезекте мемлекеттік құрылымның бүкіл саяси жүйесін қайта жаңғырту. Бүгінгі таңда қазіргі әлемдік тәртіптің күрделі геосаяси өзгерістерінен өткен және өтіп жатқан еліміздің болашақ саяси бағытының негізгі контурлары анықталды деп айтуға болады.