Бокстан Әлем Чемпионы Теміртас Жүсіпов Қостанайға келді. Кикбоксинг федерациясының шақыруымен “Сұлтан ” спортзалында болды. “Бұл жер маған жақсы таныс. Кезінде Асылхан Бұсырманов ағаларымыз осы федерацияға басшылық еткенде мол жетістікке жеткен, кие тұтамыз. Бір құдайға сыйынып, осында жан-жақтағы былғары қолғап шеберлері талай жиындарда бас қостық. Сол касиетті ортаның әсері болар, жолым болды десе де болады. Әлем […]
Болашаққа бір қадам
«Ақырын жүріп,анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас, Үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтып өткендей, ұстаз – ұлы адам. Қазіргі уақытта мен Қостанай гуманитарлық колледждің қазақ тілі және әдебиет мамандығының 2-курсын аяқтағалы отырмын. Осы мақаланы жазып отыруымның себебі, биыл мектеп түлектерін біздің оқу ортамызбен таныстыру және де өз алған білімім мен тәжірибеммен бөлісу болатын. […]
Орталықты думанға бөлеген көрме
Бұған дейін Қостанайда Облыстық «Qolóner» қоғамдық қоры жұмысын бастағанын айтқан болатынбыз. Астана күніне орай аталған қор жергілікті шеберлердің қолымен дайындалған бұйымдарын қала тұрғындарына таныстырды. Көрменің ең үлкен қатысушылары өңірімізге белгілі өнерпаз, театр әртісі Қабдулмәжит Иманов пен Таңатқан Божақов ақсақалдар. Екеуі де он саусағынан өнер тамған ағаш шеберлері. Қабдулмәжит қария өнерге аса жақын болғандықтан қолдан түрлі […]
Жерлестеріміз жүлдегер
Қарағанды қаласында Тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатынан жерлестеріміз күміс жүлдемен оралды. Бұл жарысқа жиырма команда қатысып, бақтарын сынаған еді. Екі аптаға созылған жарыста бас жүлдені көршілес Ақтөбе облысы, үшінші орынды киелі Түркістан өңірінің спортшылары иеленді. Осы жарысқа Жанкелдин аудандынан алты оқушы қатысып, үшеуі жүлдегер атанды. Айлана Аймағанбетова бірінші орын алса, (ш. Уәлиханов атындағы мектептің […]
Балаларыңызға абай болыңыздар!
Шаяхметов көшесінде орналасқан алты қабатты үйден құтқарушыларға дабыл келіп түсті. Онда қараусыз қалған үш жасар қыздың бесінші қабаттан құлап кеткені туралы айтылған. Сәби аса ауыр халде. Жағдайы қанағаттанарлық деп айтуға мүлде келмейді.
Он мың гектар алқапқа зиян келгені рас па? Министр мәлімдеме жасады
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев облысымыздағы жағдайға байланысты түсініктеме берді. – Жәндіктердің шабуылын болжау мүмкін емес, бірақ ведомство уақытында әрекет етті, – деді министр. Министрдің мәлімдеуінше, желіде тараған бейне шындыққа жанаспайды. Адамдарды адастыру үшін әдейі жасалған әрекет.
Жеті жасында топ жарған
Қостанайлық жас шахматшы Иман Набиевтің есімі қысқа уақыт ішінде күллі республикаға танылып үлгерді. Былтыр күзде ерлер арасындағы классикалық шахматтан Қостанай облысының чемпионатында жеті жасар Иман қол жүлдегер атанды. Сол кезде ересектер арасындағы шахмат турнирінде баланың жүлделі орынға ие болуы облыс тарихындағы ерекше оқиға деп бағаланды. Бағы жанып, бабы келіскен баланың бұдан да бөлек жетістіктері жетерлік. […]
Саламатты өмір зиянды әдеттен қорғайды
Орталық стадионда өткен кезекті ойын алдындағы нашақорлыққа қарсы акцияға мың жарымнан адам қатысты. Еріктілер жиналғандарға синтетикалық есірткіні қолданудың салдары туралы ақпарат таратқан болатын.