Шетелге арзан бағамен барып қайтуды ұсынып, бірақ турды ұйымдастыра алмаған агент «алаяқтық» күдігімен ұсталды. Полицияға 50 қостанайлықтан шағым түскен, күдікті оларға 60 миллион теңге қарыз болып қалды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазақстанның ең шалғай орналасқан станцияларына тегін медициналық көмек келді
«Медициналық пойыздар» жобасы Қарабалықта да болып, науқастарды қабылдады. 5-11 шілде аралығында Қостанай облысының ең шалғайда кенттеріндегі тұрғындар «Саламатты Қазақстан» пойызының арқасында тегін тексеруден және емделуден өтуге мүмкіндік алды. Бұл бастама 2010 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатыр.
Қазыналы шаңырақтың мерейтойын жас оқырмандар атап өтті
Өңірдегі көне кітапхана биыл мерейтойын атап өтуде. Қазыналы шаңырақ Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы осыдан 65 жыл бұрын құрылған. Кітапхана мерейтойын көңілді, қызықты, балалармен бірге атап өтті.
«Ауылдан бастағанды жөн көрдік» дейді жас дәрігерлер отбасы
Қостанай облысының әр ауданында дәрігер тапшылығы бар. Жергілікті билік бұл мәселені шешу үшін айтарлықтай жұмыс атқарып жатыр. Жоғары оқу орнын бітіруші түлектермен сөйлесіп, аудан, ауылға келіп қызмет істеу үшін үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Тұрғын үй мәселесі шешімін табады. Оның үстіне берілетін көтермеақы мөлшері де аз емес.
Жаз қызығы мол шақта балалардың демалыс орындарына ынтасы артып келеді
Балалардың ең қызықты мезгілі жаз. Жазғы демалыста олар алаңсыз асыр салып ойнайды. Бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің көбі лагерьге барады. Онда оқушылар балалық шақтың ең керемет сәттерін өткізеді.
Белгілі ғалым Сайлау Байзақов дүниеден өтті
Қазақ ғылымы тағы бір жампозынан айырылды. Профессор, экономика ғылымының докторы Сайлау Байзақов өмірден өтті деген суық хабар жетті. Сайлау Байзақұлы 1937 жылдың 12 желтоқсанында Жанкелдин ауданы Қызбел ауылында дүниеге келген. 1961 жылы сол кездегі ҚазМУ-ды бітірген соң кіші ғылыми қызметкер, ассистент (1961-1964), Қазақ КСР-і Жоспарлау комитетінің Экономика ғылым-зертеу институтындағы есептеу ортасында аға экономист, бөлім меңгерушісі (1964-1975), институт директорының ғылыми жөніндегі орынбасары (1975-1985), Қазақстан Ғылым Академиясының […]
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы” Заңға қол қойды
Қолданыстағы қылмыстық жауапкершілікпен қатар желіде фейктерді таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі. Онлайн-алаңдардың интерфейстері мен модерациясына қазақ тілін енгізу жоспарлануда. Сондай-ақ, онлайн-алаңдардың иелері дұрыс емес ақпаратпен және салық төлеуден жалтарумен күресте мемлекеттік органдармен ынтымақтасуға міндеттенеді. Интернет-сайттарды пайдаланушылар үшін олардың беттерінде орналастырылған интернет-жарнаманы таңбалау және тұтастай алғанда өз қызметін Кәсіпкерлік Кодекске сәйкес жүргізу талабы […]
Қазақстанда ҰБТ-2023 қорытындысы жарияланды
Мәселен, ҰБТ шекті балын 162 мың талапкердің 135 мыңы жинады, бұл жалпы санның 83% -. құрайды. Орташа балл-73 балл. Бес адам 137 ұпай жинап, ең жоғары балл жинады. 2 868 үміткер 120-дан астам ұпай жинады. Смартфондарды, алдау парақтарын және басқа да тыйым салынған заттарды алып жүру әрекетіне байланысты 402 адам тестілеу мүмкіндігінен айырылды. Ережені бұзғаны […]
Шегірткеге қарсы күрес: 10 шілдедегі жағдай
Қазіргі уақытта шегірткеден қорғау мен мониторингтік іс-шаралары жалғасуда. Мәселен, 10 шілдедегі жағдай бойынша 1 920,076 мың га алаңда тексеру жүргізілді, оның ішінде 630,878 мың га жерге шегіртке шапқаны анықталып отыр. Ол алқаптардың экономикалық зияндылық шегінен жоғары өңдеуге жататыны 368,010 мың га. Жалпы өңделген алаң – 320,301 немесе болжамды көлемнің 75,7% тең. Осылайша, облыста шегіртке зиянкестерімен […]
Ауыл түлектері балаларға арналған ойын алаңын салып берді
Аманкелді ауданы Қарасу ауылында балаларға арналған жаңа ойын алаңы салынып, пайдалануға берілді. Игілікті іске ауылдың әр жылғы мектеп түлектері мұрындық болған.