Бүгін Ұзынкөл кентіндегі № 1 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебінің күрделі жөндеуден кейінгі тұсаукесері өтті.
Полиция Қостанай облысының шекарасындағы қақтығыс туралы жалған бейненің авторын ұстады
Әлеуметтік желілерде Қостанай облысының шекарасындағы әскери қызметшілердің қақтығысы туралы түсіндірмесі бар әскери көлік колоннасының видеосы таратылды. Белгілі болғандай, бейне «жалған» болып шықты.
Елордада республикалық медиафорум басталды
Бүгін Астанада VII Astana Media Week 2023 медиа форумы басталды. Дәстүрлі, кең ауқымды іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған.
Бір үйдің баласындай
Биыл Қостанай қаласында “Жасыл ел” жастар еңбек жасағына 350 жас тартылған. Олар үш ай бойына абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына атсалысты. Бұл туралы Қостанай қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Олжас Дүйсеков баяндап берді.
Мүлік салығын төлеу мерзімі 2 қазанда аяқталады
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталып қалғанын еске салады.
Сайын даланың БОЗТОРҒАЙЫ
Біздің қазақ әнқұмар халық. Біреу қолына домбыра ұстап, ән сала бастаса еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін елең етіп, құрметтеп отыратын халықпыз. Әнді асыл өнерге бағалаған бабаларымыз “Беу! Бәрекелді!” деп әншіні қошеметтеп, әнге теңдесіз өнер, әншіге талант деген теңеу айтылған. Бұл – өнерге елітіп, сөз қадірін білетін халық үшін заңды құбылыс.
Прокурорлар заңсыз қайта рәсімделген жер телімінің алдын алды
Қарабалық ауданының прокуратурасы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалануды ұсынудың заңдылығын талдау барысында орман заңнамасының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды облыстық прокуратура өкілдері.
Шекараға қатысты ақпараттың жалған екені анықталды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілердегі облыс шекарасында арандатушылық болды деген ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады. Ол ақпарат осы жылдың 8 қыркүйегінде тараған болатын. Видеодан Қостанай қаласында өткен жоспарлы далалық оқу-жаттығу жиынына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының автокөліктер колоннасының бара жатқанын көруге болады.
Жәрмеңкеде жақсы өнім мол
Бұған дейін қаланың шеткері бөліктерінде ұйымдастырылып келген кезекті жәрмеңкес №5 мөлтек ауданда орналасқан «Шыңғысхан» базары аумағында өтті.
Көкжиегі кең колледж
Қостанай автомобиль көлігі колледжінің базасында мамандандырылған металл құю зертханасы ашылды. Енді білім ордасымен «KamLitKZ» ЖШС бірлесіп білікті кадрларды даярлап шығармақ. Аталмыш зертхана студенттер мен металлургия саласындағы мүдделі мамандар мен кәсіпкерлерді оқыту және практикалық тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қос жақты ынтымақтастық аясында колледж бітірген студенттер кәсіпорынға жұмысқа орналаса алады.