Ертең сағат 13.00-де облыс әкімдігінің аумағында полицияның, өртке қарсы қызметтің және жедел медициналық көмектің кешенді күштерінің өзара іс-қимыл дағдыларын пысықтауға бағытталған жоспарлы оқу-жаттығулар өткізілетін болады.
Елордада Азаматтық форум өз жұмысын бастады
Астанада «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін – азаматтық қоғам дамуының басты бағыты» атты Қазақстанның XI Азаматтық форумы басталды.
ШОТА ОСПАНОВ: “ТУҒАН ЖЕРДІ ТҮЛЕТУ – БӘРІМІЗДІҢ БОРЫШЫМЫЗ”
Торғай өңірін дамыту облыс басшыларының назарынан тыс қалған емес. Оңтүстік аудандарға қомақты инвестиция тартылып, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін түрлі тетік қарастырылып жатыр. Мәселен, облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың бастамасымен Торғай өңіріндегі қолынан іс келетін азаматтарға 20 млн теңгеден 150 млн теңгеге дейін 1%-тік несие берілетін болды.
Облыста әлеуметтің әлеуетін арттыру қолға алынып жатыр
Өңір халқының өмір сүру сапасын арттыру, жұмыспен қамту, әлеуметтік тұрғыда қамсыздандыру – әрдайым жіті бақылауда ұсталатын міндеттер. Бұл бағыттағы жұмыстар да нәтижесіз емес. Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А Құсайынованың мәлімдеуінше, биыл ұзын саны 42,8 мың адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр.
Қостанайда құрылыс қарқын алды
Облыста құрылыс қарқыны да бәсеңсіген жоқ. Жыл басынан бері 375,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліпті. Баспана құрылысының өсімі облыстың 16 өңірінде байқалған. Әсіресе, Әулиекөл ауданы тізім басында тұр.
Облыста өндіріс көлемі артты
Облыстың жыл басынан бергі даму көрсеткіштері оң динамикаға ие. Әсіресе, өңір экономикасы қарқын ала түскен. Айталық, өнеркәсіп кәсіпорындары тоғыз ай көлемінде 1,9 трлн теңгенің өнімін шығарды. Бұл жөнінде облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлбарам Мұсағазина егжей-тегжейлі баяндап берді.
Мәскеу ауылында төтенше жағдай жарияланды
Қостанай ауданының Мәскеу ауылында техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Оның себебін Қостанай ауданының әкімі Берік Таңжарықов түсіндіріп берді.
“Дүрбелең болады деп ойлаған жоқпыз” – министр “Оян, қазақ!” фильмінің прокаты туралы пікір білдірді
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева отандық “Міржақып. Оян, қазақ!” фильмінің прокатына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz .
Қ.Ақсақалов: “Жыл аяғына дейін біз өңдеу өнеркәсібіндегі өсу қарқынын сақтауға тиіспіз”
Мемлекет басшысы алдымызға металдарды терең өңдеуді дамыту міндетін қойды. Бұл бағытта облысымыз зауыт салу бойынша бірнеше ірі жобаларды пысықтап жатыр.
Қостанай қаласының бюджеті 120,7 млрд теңгеге жетті
Бұл туралы әкімдікте өткен аппарат кеңесінде қаржы бөлімінің басшысы Раиса Айтқожинова баяндап берді. Соңғы тоғыз айда 7,6 млрд теңге түсіп, жоспар асыра орындалғанын айтты.