ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдің өнеркәсіптік әлеуетімен танысты. Президенттің Жолдауда айтылған жоғары қайта өңдеуді игеру және локализация деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Умару Сисоку Эмбало БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
Екіжақты келіссөздерден кейін Мемлекет басшысы мен Гвинея-Бисау Президенті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасады.
Алтын далада ФАП ашылды
Облыста денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар жүзеге асырылып, бір күнде 15 жаңа медициналық нысанның ашылуы өңір үшін тарихи оқиғаға айналды. Бұл жаңа нысандар ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетуді жақсартып, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жетілдіру бағытындағы маңызды қадам екендігі даусыз.
Кітап оқып, жеңімпаз атанған оқырман қауымды марапаттау сәтіне куә болыңыздар!
Ертең «#Оқы Және Жең» онлайн байқауының қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау салтанатты іс-шарасы өтеді. Байқау қазақ және орыстілдерінде үшж ас санаты бойынша өткізілген еді.
Елімізде 600 мектеп асханасы модернизациядан өтті
Жыл қорытындысы бойынша 600 білім беру ұйымында асханалар модернизациядан өтті. Бұл мектептерде 200 мыңнан астам бала білім алады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Өнерпаздар боз кілемде бақ сынады
Сарыкөл ауданында мәдениет қызметкерлері арасында қазақ күресінен «Өнер арланы – 2024» облыстық турнирінің «Арналар елге жыр-әнім» атты өнер додасы өтті. Боз кілемде облыс көлемінен келген 19 өнерпаз палуан бақ сынасты.
«Қаржылық сауаттылық» курстары аяқталды
Биыл Арқалық қаласында «AMANAT» партиясы ұйымдастырған«Қаржылық сауаттылық» курстары өз жұмыстарын аяқтады. Бүгінгі таңда 514 қала тұрғыны аталған курстан өтіп, сертификат алды.
Үздік спортшылар марапатталды
Қостанайлық спортшылар жылды ірі жетістіктермен қортындылады. Қалыптасқан берік дәстүрімен өз ісіне шын берілген мықты мамандарының арқасында тұғыры биік екендерін одан сайын дәлелдей түсті. Бұл туралы қала әкім Марат Жүндібаев чемпиондар форумында айтты.
Әулиекөлдік «Шабыт» театры бір жылдығын атап өтті
Әулиекөлде түрлі сала мамандарының басын біріктірген «Шабыт» театрының құрылғанына бір жыл. Түрлі кәсіп пен әр жастағы жандардың басын біріктірген жас ұжым өздерінің алғашқы мерейтойын жаңа қойылымның премьерасымен атап өтті.
ҚАЗАҚСТАНДА 162 МЛН ПАКЕТ ДӘРІЛІК ЗАТ ТАҢБАЛАНДЫ
Бүгінгі таңда Қазақстанда 162 миллион дәрілік зат таңбаланды, оның 152 миллионына Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау енгізілгеннен кейін белгі қойылды деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.