Жүсіпов Оразғали Зейнел-Ғабиденұлын еске алу бәйгесінде астаналық Жәнібек Рамазанның Лорд атты сәйгүлігі топ жарды. Аламан бәйгеге 2 млн теңге ақшалай сыйлық берілді.
Бұл бәйгеге өңіріміздің әр ауданымен қатар Астана, Атырау, Ақтөбе, Абай облыстары мен Ресейдің Магнитагорск қаласынан атбегілер аттарын қосқан болатын.
Лордтың соңын ала, атыраулық Меруерт пен Рудный қаласы Шөптікөл ауылының Льдинка атты арғымағы алман айналымының мәре сызықтарын кесті. Кұнан бәйгеде Ресейдің Магнитагорск қаласынан келген Гаити сәйгүлігі шашасына шаң жұқтырған жоқ. Топ бәйгеде Қостанай ауданынан келген Олжас Айтбайдың Ақтанауы бірінші келді.