Астанадағы XII Азаматтық форумға облыс делегаттары қатысып жатыр

Астанадағы XII Азаматтық форумға облыс делегаттары қатысып жатыр

Бүгін елордадағы дәстүрлі форум аясында «Қоғамдық кеңестер: жаңару арқылы даму» атты Қоғамдық кеңестердің IV республикалық мәжілісі басталды. Оған Қостанай облысының делегаттары қатысу үстінде.

Бұл – форум қатысушылары қоғамдық кеңестердің қазіргі жұмысына баға беріп, олардың қызметін жетілдірудің жаңа бағыттарын талқылайтын басты алаң.Бүгінде елде 263 қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Олардың құрамында шамамен 4000 қазақстандық бар. Биыл 210 кеңестің (немесе 80%-ы) құрамы жаңартылды. Қазір Абай облысының Семей қаласы мен Ақсуат ауданында кеңестерді қалыптастыру процесі жүріп жатыр. Жаңарған құрамда азаматтық қоғам өкілдерінің үлесі – 72%. Бұл — азаматтардың ел өміріне қатысуға деген белсенділігінің көрсеткіші.blankҚоғамдық бақылау аясында кеңестер азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты 1500-ден астам нормативтік-құқықтық акт жобасын қарастырып, 147 жоба бойынша халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді. Сонымен қатар 200-ден астам қоғамдық тыңдау өткізіліп, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың 324 басшысы тыңдалды, шамамен 300 қоғамдық мониторинг жүргізілді. Кеңес мүшелері әлеуметтік қорғау, инфрақұрылым, жер қатынастары мен денсаулық сақтау салаларында азаматтардан келіп түскен 600-ден астам өтінішті қарады.blankМәжіліс барысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сөз сөйледі. Сонымен қатар Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Серік Бектұрғанов және басқа да спикерлер сөз сөйлеп, өңірлік кеңестердің қызметі жөнінде баяндама жасады.blankblankblankІс-шара қорытындысы бойынша қоғамдық кеңестердің құқықтық және ұйымдастырушылық негізін жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар дайындалады. Бұл құжаттар алдағы өзгерістердің негізіне айналып, мемлекеттік органдардың жұмысында ескерілетін болады. Сондай-ақ қоғамдық кеңестерді жаңғырту ұсыныстары қамтылған қорытынды құжат таныстырылмақ.blank

Айта кетейік, мәжіліс 15-16 қазан күндері өтеді.