Астанада жас ғалымдар бас қосты

Астанада жас ғалымдар бас қосты

Астанада «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында  «Биомедицина, инженерия и технологиялар» атты ХII Наурыз кездесулері басталды.

Наурыз кездесулері – оқушылардың ғылыми таланттары мен зерттеушілік шабыттырын көктем мерекесінің ең маңызды салт-дәстүрлерімен тоғыстыратын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының айрықша дәстүрі. Дәстүрге айналған жоба 2011 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.

Назарбаев мектебінің Қостанай командасы байқауға бес ғылыми жоба ұсынды. Әмина Оспанованың жұмысы «Health Step Boosters»  физиотерапияға арналған қосымша қуаттандыруды қажет етпейтін кроссовкалар ғылыми жұмысы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың алдында көрсетілген жобалардың тізіміне енді.

Ғани Бейсембаев NIS-тің Наурыз кездесулерін үлкен ғылымға жасалған алғашқы қадам деп атады.

– Күләш Ноғатайқызының бастамасымен жүзеге асқан Наурыз кездесулерінің тарихи маңызы зор, себебі елімізде жас ғалымдардың бірегей алаңы пайда болды. Бірнеше жылдан кейін біз әлемдік жаңалықтар авторлары мен Нобель сыйлығының лауреаттарының арасынан бүгінгі қатысушылардың есімдерін еститінімізге сенімдімін, – деді ол.

Басқосуда дүниежүзіне жетістіктерімен танылған Массимо Пиньятелли, Атакан Варол, Дастан Рүстемов, Айгүл Сәдуақасова, Сиамак Фазли мен басқа да отандық және шетелдік ғалымдар баяндамаларын ұсынады деп жоспарланған.

 

Жаңалықтармен бөлісу