23 мая, 2025
Аспан түрлі түске боянды

Аспан түрлі түске боянды

Қазақстанның солтүстігіндегі  ерекше құбылысты облысымыздың тұрғындары түсіріп алған. Түнгі аспанда таң қалдыратын жарқырауы бар кадрлар әлеуметтік желілерде тарады. Бұл жарықтар, әсіресе, Лисаков, Қостанай, Әулиекөл, Сарыкөл, Ұзынкөл, Жітіқара, Федоров және Меңдіқара аудандарында жақсы байқалды.

Түнгі аспан қызыл-жасыл градиентке боялды. Мұндай ерекше құбылыс күн белсенділігі мен магниттік дауылдардың әсерінен болды деген болжам бар.

@kazinform