Футболдан Қазақстан чемпионатының аясындағы «Ордабасыға» қарсы кездесуде капитандық шенмен алаңға шыққан Асхат Тағыберген айып добынан алаң иелерінің қақпасынан саңылау тапты.
Бұған дейін мароккалық жартылай қорғаушы Ахмед Әл-Мессауди дубл авторы атанған еді. «Тобыл» сапын жазғы трансферде толықтырған бразиялық шабуылшы Энрике Девенс осы екі допқа голдық пас берді.
Екінші таймда шымкенттіктер есеп айырмасын екі допқа қысқарта білді.
