Қаладағы №103 референдум учаскесіне келушілер қатары жиілей бастады. Алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасаған тұрғын – 89 жастағы Көшімбек Баданов.
Зейнеткер елдегі әрбір сайлауға қалмай қатысады. Ал осы жолғы референдумның жөні мүлде бөлек екенін айтады.
“Осы референдум ерекше болғандықтан, жауапкершілік сезініп, бірінші болып дауыс бердім. Алғашқы дауыс беруші болғаным үшін сый-сияпат беріп жатыр. Бұл үшін де рахмет. еліміз аман-жұртымыз тыныш болсын.”, – дейді ақсақал.
“ҚР Референдум туралы, ҚР Сайлау туралы, ҚР заңдарына сәйкес, №103 учаске таңғы сағат 7:00-де өз жұмысын бастады. Бұл учаске Кейкі батыр атындағы №4 мектептің ғимаратында орналасқан. Дауыс берушілер саны – 1861”, – дейді учаскедегі комиссия мүшелерінің төрағасы Алма Ақанова.