Арқалықтық аналар ақ дастарқан басында бас қосты

Арқалықтық аналар ақ дастарқан басында бас қосты

Арқалықта 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Ерке» дәмханасында ардақты аналарға арналып мерекелік дастарқан жайылды.

Арнайы шақырылған көп балалы аналар, еңбек ардагерлері, түрлі саланың басшы – мамандары төл мереке иелерін қала әкімі Әмірхан Асанов пен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Түбекбай Әубәкіров құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

«Қай кезде де әрбір халық үшін әйел жанының жылулығы мен сұлулығы, мейірімділігі мен кеңдігі әлемге рух беріп келеді. Бүгінгі бар тіршілік, жарық дүние, бақытты өмір әйел-ананың аялы алақанында. Бұл мейрам қашанда ең ізгі, ең ыстық, ең қастерлі сезімдерге толы», – деп атап өтті қала әкімі Әмірхан Асанов өзінің аналарға арналған мерекелік құттықтау сөзінде.

Мерекелік думанды кеште әсем ән мен тәтті күй тыңдалды. Аналарға жыр ұсынылды, гүл ұсынылды. Мереке иелері өздеріне көрсетіліп жатқан толассыз құрметке зор ризашылықтарын білдіріп, ақ жаулықты аналар алғыстарын білдіріп, бірге ән салды, батасын берді.

«Анаға деген құрмет ешқашан ортаймақ емес. Бүгінгі іс-шарамыз соның айқын дәлелі. Бұл біздің қалалық «Мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімінің әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырып отырған жобамыз. Алдағы уақытта да халық үшін атқарылар игілікті істердің басынан көріне берсек дейміз. Орайлы сәтті пайдаланып, барша аналарымызды, апа-қарындастарымызды шуақты мерекелерімен құттықтап, әркез жүздерінің жарқын, өмірлерінің мәнді де сәнді болуын тілейміз», – дейді «Жастар-Азаматтар бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Амангелді Ахметжанов.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Арқалық қаласы

 

 

 

Жаңалықтармен бөлісу