Бірқатар ақпарат құралдарында Арқалық ЖЭО-ға қатысты ақпарат пайда болды. Олар Арқалық қаласындағы ЖЭО тек қағаз жүзінде іске қосылғанын хабарлады.
Осыған орай, Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және ТКШ басқармасы жағдайға қатысты ресми түрде түсініктеме беріп, мәселенің мәні мен хронологиясына кеңінен тоқталды.
Ресми хабарламада 2019 жылдың 26 желтоқсанында мердігер «Азияэнергопроектмонтаж» ЖШС-мен «Арқалық қаласының жылумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту» жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге 7,4 млрд теңгеге келісім жасалғаны,
2021 жылдың 29 желтоқсанында нысан пайдалануға берілгені айтылады.
“Мердігердің жобада қарастырылған барлық жұмыс түрлері толық көлемде орындалды.
Осыдан кейін пайдалануға беру туралы келісім-шартқа қол қойылды. Іске қосу жұмыстарын аяқтау 2022 жылға жоспарланған болатын. Алайда жобада қосымша есепке алынбаған жұмыстарға байланысты келісімшарт 2023 жылдың 1 қарашасына дейін ұзартылды.
Бақылау органдары мен сараптама ұйымдары анықтаған пайдалануға беру кезіндегі барлық ақаулар мердігер есебінен толық көлемде жойылды”, – делінген хабарламада.
Осы жылдың шілде айында 2020 жылы өз қажеттіліктерін өтеу үшін қуаттылығы 2,5 МВт орнатылған турбоагрегаттың жұмысын тексеру үшін қазандықтарды іске қосу жоспарланып отыр.
Жалпы, 2022-2023 жылыту маусымы штаттық режимде өтті. Жаңа ЖЭО-да (көмірде) су жылыту қазандықтары қалыпты жұмыс істеді, іске қосу-жөндеу жұмыстары аясында бу қазандықтары мерзімді түрде тоқтатылған.
“Осы жылдың қыркүйек айында алдағы жылыту маусымына жаңа жылу көзіне (көмір) әзірлік актісін алу жоспарлануда.
Айта кетерлігі, көмірмен жұмыс істейтін жаңа ЖЭО құрылысы отын сатып алу шығындарын бірнеше есе арзандатуға мүмкіндік беруде”, – деп хабарлады басқарма мамандары.