Арқалықтағы көпқабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтерінен өрт шықты. Жалын тұрғындардың темекі шегуі кезінде тұтанған.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеті арқасында түтін басқан бөлмеден 4 адам (3 ересек адам, 1 бала) сатының көмегімен құтқарылып, 3 адам қауіпсіз жерге шығарылды.
«1945 жылы туылған ер адам түтіннен уланып, ауруханаға жатқызылды, оның жағдайы ауыр»,-дейді қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары.
Өртті құтқарушылар жарты сағат ішінде толық сөндірді. Оған жеке құрамның 9 адамы мен 3 техникасы тартылды.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы