Арқалықта «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өткен жылы құрылысы басталған 300 орындық мектеп әжептәуір еңсе көтеріп қалды. Құрылысшылар екі ауысыммен жұмыс істеп жүр.
Ұлттық жобаны іске асырудың арқасында балалардың жақсы білім алуына қолайлы жағдай туады. Құрылыс мердігері – «Алюминқұрылыс» ЖШС биыл сәуір-мамыр айларында қабырғасын көтеріп, біраз жұмысты бітіруді жоспарлаған. Әрі қарай инженерлік-комуникациялық жүйелер тартылып, ішкі-сыртқы жұмыстары жүргізіледі.
“Жаңа мектептің құрылысына қала орталығынан жер бөлінген-ді. Алдымен, мектеп салынатын жер қазылып, бетон құйылды. Құрылысқа қажетті материалдардың бәрі компанияның өз зауыттарында өндіріледі. Мектеп құрылысы жоспарға сай жүріп жатыр. Құрылысшылардың бәрі дерлік жергілікті азаматтары. Жұмыс қарқынын тежемес үшін құрылыс басында барлық жағдай жасалған. Қазір мұнда жүзден астам адамдар жұмыс істеп жатыр. Арнаулы техника, құрылыс материалдары жеткілікті», – дейді «Алюминқұрылыс» ЖШС бас директоры Абай Мұқанов.
Жоспар бойынша, жаңа нысан 2024 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілмек.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ ,
Суреттерді түсірген – автор