Арқалықта велосипед ұрлығы көбейді

Арқалықта велосипед ұрлығы көбейді

Биылғы маусым айының басынан бері Арқалық қаласы аумағында 2  велосипед қолды болып отыр. Қос дөңгелекті қозғалыс құралының ұрлығы, әсіресе, жаз мезгілінде артады. Демек, алдағы уақытта ұрлық саны күрт көбеюі мүмкін.

Ұрлық көбіне көпқабатты үйлердің аулаларында, подьездерде жасалады. Демалыс орындарында да кезігеді. Бұған басты себеп – тұрғындардың велосипедті қараусыз қалдыруы. Қараусыз қалдырған мүлік ұрлықтың тиімді түрі. Ұры оңай алып, көлік ретінде айдап кете алады.

Ұрланған велосипедті сатып күн көреді. Қазір бұл қылмыстыңең оңай әрі қолжетімді түрі болып тұр.

Сол себепті, тәртіп сақшылары тұрғындарды сақты қшараларын күшейту қажеттігін ескертеді.

«Ұрлықтан қорғаудың жалғыз кепілдендірілген әдісі – велосипедті қараусыз қалдырмау. Түрлі құлыптар, дабылдар және басқа да амалдар ұрлыққа оқталған сұғанақтың жолында уақытша кедергі ғана. Егер, велосипедті қалдыруға тура келсе, онда міндетті түрде ұрлыққа қарсы трос қолдану керек. Велосипедті кездейсоқ және бейтаныс адамдарға сеніп, қалдырмаған жөн. Троспен бекітіп, бейнекамерадан көрінетін аумаққа қою қажет. Велосипедтің құжаттарын және сатып алу туралы түбіртекті сақтап қойған абзал, – дейді Арқалық қалалық Полиция басқармасының Криминалдық полиция бөлімінің басшысы Алмат Батырханұлы.

Сонымен қатар, көлік құралын ұялы телефонға суретке түсіріп сақтап қою да артық болмайды. Бұл ұрланған жағдайда іздеуде үлкен көмек болады. Бейнебақылау камерасы жоқ жерде ұрланған велосипедті табу өте қиын. Сол үшін көлік құралдарын кез келген жерде қалдырмау керек.

 

Мұрат Жүнісұлы,

Тоғжан Әбдуәлиева

Суретті ұсынған Арқалық қалалық ішкі істер басқармасының

Криминалдық полиция бөлімі

Арқалық қаласы

Жаңалықтармен бөлісу