Арқалықта көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қажетті материалдық көмектердің басы көрсетілді.
Арнайы комиссия құрылып, табиғи апат салдарынан орын алған төтенше жағдайға байланысты 50 (АЕК) көлеміндегі (184 600 теңге) бір реттік төлемге зардап шеккен тұрғындардан құжаттар қабылдау жүргізіліп жатыр.
Бүгінге текті осы төлем түріне екі күнде 61 өтініш түсті. Құжаттарды қабылдау Арқалық қаласы әкімдігі ғимаратының 1-ші қабатындағы “Көмек алаңында” жүргізіліп жатыр. Сенбі, жексенбі демалыс күндері де құжаттар үзіліссіз қабылданады.
Онымен қоса, судың беті қайтып, жол ашылғаннан кейін, тұрғындардың өтініш – талабы бойынша бүлінген үйлерге бағалау жасалып, соған сай қаражат төленетін болады.
Мал шығыны бойынша малдарының санын базаға тіркелгені арқылы дәлелдей алуы қажет. Бүлінген техникалар мен басқа да дүниелерге материалдық төлем арнайы ережеге сай жасалады.
Демеушілік көмектер де көрсетілуде. «Қайырымдылық КZ» қоры Қайыңды ауылдық округіне қарасты Қызылжұлдыз елді –мекенінің тасқыннан зардап шеккен тұрғындарының әрқайсына 100 мың теңгеден қаржылай көмек берді. Ауылда тұратын 185 адамға 18 млн 500 мың теңге шоттарына аударылды.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы