Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері, КСРО милиция үздігі, милиция майоры Аяған Ысмағұлұлы тұрған үйдің қабырғасынан ескерткіш тақта ашылды.
Аяған Ысмағұлұлы 1924 жылы 18 қаңтарда Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Татьяновка ауылында дүниеге келген.
Ең алғаш 8 сыныпты бітіре сала, «Адал еңбек» ұжымшарында еңбек жолын бастаған.
1942 жылы әскер қатарына шақырылып, Свердловск қаласында әскери борышын өтеген. Екінші дүниежүзілік соғысына қатысып, ерен ерлігінің нәтижесінде «Германияны жеңгені үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» бірнеше мәрте медалдармен марапатталған.
1949 жылы демобилизациядан кейін елге оралып, туған елінде ішкі істер органдарында «комендант», «учаскелік комиссар», «аға детектив» қызметін адал атқарып, «полиция майоры» атанса, 1963 жылдан бастап Қамысты, Жітіқара, Әулиекөл, Жанкелдин аудандарында, Құсмұрында «полиция бөлімінің меңгерушісі», «ішкі істер бөлімінің басшысы» болған. Ішкі істер органдарында мінсіз қызметі үшін 1-ші дәрежелі мадақтамалар мен «Үздік» милиция майоры төсбелгісін иеленген.
Қала мақтанышына айналған азаматқа орнатылған ескерткіш тақтаны ашу құрметі ұрпақтары, қызы Дина мен шөбересі Жасұланға беріледі.
Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатында қала әкімі Әмірхан Асанов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Түбекбай Әубәкіров, қалалық полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Орал Баймурзин, қызы Дина Исмагулова құттықтау сөз сөйлеп, естеліктерімен бөлісті.
Мұрат Жүнісұлы
Суреттерді түсірген – автор
Арқалық қаласы