Арқалық шаһарын екі күн қатарынан ән мен жырдың дүбірлі думанына бөлеген «Сөз бен саз» атты республикалық байқаудың облыстық кезеңі аяқталды.
Қазылар алқасы көмбеге келген жүйріктерді марапаттап, алдағы қадамдарына сәттілік тіледі.
Атап айтқанда, «Жас ақын» номинациясы бойынша 8-13 жас аралығында бас жүлдені Қостанай қаласынан Еділ Сарсенғали (Жетекшісі: Нұрсұлтан Қасым), 1 орынды Қостанай қаласынан Айсұлтан Тарғынбек (Нұрсұлтан Қасым), 14-18 жас аралығында бас жүлдені Жангелдин ауданынан Таңжарық Байбатырұлы (Сымбат Кенжеғалиқызы), 1 орынды Қостанай қаласынан Инабат Мұратқызы (Жасұлан Сералыұлы), 2 орынды Қостанай қаласынан Санжар Ринатұлы (Нұрсұлтан Қасым) иеленді.

“Жас дәстүрлі әнші” номинациясы бойынша: 8-13 жас аралығында бас жүлдені Рудный қаласынан Зарина Нұржанқызы (Гүлсая Қалмұханқызы), 1 орынды Қостанай қаласынан Әлия Қасенқызы (Жаңагүл Рахымжанқызы), 2 орынды Қарасу ауданынан Алтынай Шадиярқызы (Таңшолпан Асқарбекқызы), 14-18 жас аралығында бас жүлдені Рудный қаласынан Бағдат Серікұлы (Гүлсая Қалмұханқызы), 1 орынды Жангелдин ауданынан Мерей Талғатқызы (Елугүл Мәлікқызы), 2 орынды Амангелді ауданынан Жасұлан Балахмет (Нұргүл Жомартқызы), 3 орынды Арқалық қаласынан Жантөре Талғатұлы (Айнұр Хамитқызы) жеңіп алды.
“Жас күйші”номинациясы бойынша 8-13 жас аралығында бас жүлдені Арқалық қаласынан Нұрдаулет Асланұлы (Балым Сейтханқызы), 1 орынды Қостанай қаласынан Санжар Марат (Алмагүл Мұратқызы), 2 орынды Жангелдин ауданынан Маржан Қанатқызы (Елугүл Мәлікқызы), 2 орынды Амангелді ауданынан Әлихан Мұхтар (Сәуле Төлеубайқызы), 3 орынды Арқалық қаласынан Еркеназ Сүйінбайқызы (Нұрбану Арқабайқызы), 3 орынды Арқалық қаласынан Жантөре Тиыштықбай (Азамат Жангелдіұлы), 14-18 жас аралығында бас жүлдені Қостанай қаласынан Жанәли Қабжәлел (Жанар Қадіржанқызы), 1 орынды Арқалық қаласынан Абай Арыстанұлы (Айдар Мирамбекұлы), 1 орынды Қостанай қаласынан Дархан Қанапин (Алмагүл Мұратқызы), 2 орынды Арқалық қаласынан Мұстафа Бауыржанұлы (Балым Сейтханқызы), 3 орынды Амангелді ауданынан Арман Кенжеболатұлы (Байқоныс Романұлы), 3 орынды Қарасу ауданынан Нұрсұлтан Ерболат (Нұртілеу Ерболат) қанжығалады.
Осылайша, биыл елімізде тұңғыш көш бастаған «Сөз бен саз» оқушылар байқауының жеңімпаздары қалалық, облыстық кезеңдерін аяқтап, енді республикалық сайыста бақтарын сынайтын болады.
Мұрат Жүнісұлы
Суреттерді түсірген – автор
Арқалық қаласы
