Облыстық ММА аралас жауынгерлік жекпе – жек федерациясының қолдауымен, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен турнирге Әулиекөл ауданы, Қостанай қаласы, Арқалық қаласынан 120-ға жуық спортшы қатысты.
Ересек спортшылар 7 салмақ дәрежесінде бақ сынады. Арқалық қаласындағы «Намыс» клубы (ММА жаттықтырушысы Ербол Мұқанов) ерекше көзге түсті. Атап айтқанда, 52 келіге дейінгі салмақта Жеңісбек Мырзабергенов, 56 келіге дейінгі салмақта Жасұлан Қалдыбаев, 61 келіге дейінгі салмақта Мейірбек Сабыржан, 65 келі салмақта Данияр Жәнібек жеңіс тұғырынан көрінді.
Турнирге онға жуық жеке кәсіпкер, оның ішінде аралас жекпе-жек жанкүйерлері де демеуші болғанын айта кеткен жөн.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы