Арқалықта Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай жүгірістен жарыс өтті 

Арқалықта Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай жүгірістен жарыс өтті 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын жүзеге асыру үшін салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс – шараға 250 -ден астам спортшы тартылды. 

Жарыс 13 жасқа дейін, 14-16 жас, 17-23 жас, 24-39 жас, 40-59 жас, 60 жас және одан жоғары жас ерекшеліктері бойынша барлық ниет етушілер арасында өткізілді.

Қатысушылар 1,5 км, 2 км, 3 км қашықтыққа жүгіріп бақтарын сынады. Ең ұзақ қашықтық бойынша орталық «Демалыс саябағынан» Абай даңғылымен А.Байтұрсынов көшесінің бойындағы айналма жолды айналып кері жүгіріп қайту межеленді.

Өзге жас ерекшеліктеріне де жүгіру жолдары айқындалып, белгіленген қашықтықты бағындыру талаптары қойылды.

«Дәстүрлі жарысымыздың өтуіне көмектерін беріп, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен қалалық ішкі істер басқармасының патрульдік полициясына, қалалық емхананың жедел жәрдем бөлімдеріне зор алғысымызды білдіреміз», – дейді қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Айтжан Мәліков.

 

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы медалмен, грамотамен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

 

 

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Арқалық қаласы

 

Жаңалықтармен бөлісу