1 июня, 2025
Арқалықта өрт ауыздықталды

Арқалықта өрт ауыздықталды

Оқиға қаладағы минимаркеттердің бірінде болған. 5 шаршы метр алаңды жалын шарпып үлгерген. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

«Қазір құтқарушылар күшімен қауіп толық сейілді. Зардап шеккендер жоқ, жағдайдың себебі анықталып жатыр», – дейді ТЖД мамандары.

 

ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.