Арқалықта Йогамен айналысушылар қатары артып келеді

Арқалықта Йогамен айналысушылар қатары артып келеді

Шағын шаҺарда «Халықаралық йога күнінің» он жылдығы кеңінен мерекеленді. «Үнді мәдени орталығының» басшысы Әйгерім Осипованың айтуынша, бұл мейрам Астана және Алматы сияқты қалалармен бірге тұрақты түрде тойланып келеді.

Атаулы күнді атап өтуге салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған осы өнер түрін үйренетін барлық жастағы адамдар қолдау білдірген. Олардың қатарынан кәсіпкерлерді де, қарапайым азаматтарды да көруге болады.

Арқалық аймақтық ауруханасы перзентхана бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Билялова йога шәкірттерін мерекемен құттықтап, йоганың сергектіктің ең пайдалы элементтерінің бірі ретінде зор маңыздылығын атап өтті.

Дәстүр бойынша бағдарламаға әр сыныптан арнайы тағамдарды қоса алғанда, сергітулер, дәстүрлі үнді шайы және ұлттық үнді тағамы — самоса кірді.

Мерекелік іс-шараға Астанадан арнайы ат терлетіп практикалық сертификатталған психолог, кундалини және хатха йога мұғалімі Шолпан Нұртазина келіп, шеберлік сабағын жүргізді.

Іс-шарада демеушілердің көмегімен жүлделі орындар да ойнатылды. BKA сұлулық салоны бас жүлде ретінде экзотикалық елдің біріне 2 адамнан 3 жолдама ұсынды.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

«Nataraja» йога студиясының жетекшісі Әйгерим Осипованың жеке өзі табыстаған басқа сыйлықтардың қатарында ондаған қорап үнді шайы, сондай-ақ ай сайынғы тегін йога сабақтары болды. Мұндай бір сабақтың құны айына 15 мың теңге, ал зейнеткерлер мен студенттер үшін 10 мың теңге.

Мұрат Жүнісұлы

                                                                                                            Арқалық қаласы