Шалғайдағы шағын қалалар үшін бұл үлкен қуаныш. Бизнес өркендейді, сауда-саттық бәсекелестігі артып, халықтың әл-ауқаты жақсарады. Бұл мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында баршаның алдына қойып отырған басты міндеті.
Орталық “Гаухар” базары аумағында жұмысын бастаған жаңа сауда орталығы әзірше қаланың алты тұрғынына жұмыс орнын ұсынып отыр.
Таяуда тағы екі адамды жұмыспен қамтымақ.
«Бұрын бұл аумақта мұндай үлгідегі сауда үйі болмаған. Қалада негізгі дүкен болып «Сольнечный» сауда үйі ғана саналатын. Енді, міне, осы қатарға біз де қосылып жатырмыз. Біздің бағаларымыз арзан. Тауарларымызды зауыттардан тікелей әкелеміз. Тұтынушыларымыз үшін ылғи акцияларымыз, жеңілдіктеріміз, қосымша бонустық карталарымыз болады. Халық қуанып келіп жатыр. Бәрінің бірдей көлігі бола бермейді. Біз оларға үйлерінің жанынан ыңғайлы, сапалы, жеңіл төлемді қызмет көрсетеміз», – дейді жаңа сауда орталығының меңгерушісі Еркебұлан Амантай.
Тағы бір қуаныштысы, супермаркет орналасқан ғимараттың құрылысын жергілікті кәсіпкер тың жерден салып, тұрғызған болатын.
Осылайша, қаланың сәулеті артып, тағы бір еңселі нысан бой көтерді. Супермаркет иелері оны жалға алып, пайдаланып отыр.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Суреттерді түсірген автор
Арқалық қаласы