Арқалықта бокстан жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир өтіп жатыр

Арқалықта бокстан жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир өтіп жатыр

Арқалық қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ) орналасқан «Қайрат» спорт кешенінде бұл жарыс үшінші рет өткізіліп тұр.

Жаттықтырушы Рашид Байменовті еске алуға арналған 2010-2011, 2012-2013, 2014-2015 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы жарыстың ашылу салтанаты ел Әнұранымен асқақтады.

Қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы Айтжан Мәліков, БЖСМ директоры Сержан Рысмәмбетов, Әулиекөл ауданының аға жаттықтырушысы Сәттібек Исмайлов, бокстан ел намысын асқақтатып жүрген жерлесіміз Торғынбек Әміров және жарыстың бас төрешісі Ағыбай Маратұлы құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға оң қадам тіледі.

«Бұл жарыс – жас спортшылар үшін тек сын алаңы ғана емес, сонымен қатар ерік – жігерді шыңдайтын, табандылық пен батылдықты дәріптейтін үлкен мектеп. Осындай дүбірлі додада шыңдалған жас өрендер болашақта ел намысын қорғайтын спорт саңлақтарына айналары сөзсіз», – дейді Арқалық БЖСМ бокс секциясының жаттықтырушысы Марат Сейітмағанбет.

Шеруді аталған жарысқа төрелік ететін білікті де кәсіби спортшы, бокстан ҚР спорт шебері Жандос Мұхаммедуәли бастап шықты.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Жарыста Астана қаласынан, Солтүстік Қазақстан облысынан, Ақмола, Қостанай облысынан барлығы 172 спортшы 21 салмақ дәрежесі бойынша шаршы алаңда өзара мықтыны анықтау үстінде. Жылма жыл ауқымы кеңейіп келе жатқан жарыстың 4 күн бойы өтетінін де еске сала кетейік.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ 

Суреттерді түсірген – автор

                                                                                                     Арқалық қаласы