16.07.2025
Арқалықта балалардың ойын алаңы ашылды

Арқалықта балалардың ойын алаңы ашылды

Мемлекет басшысының салауатты өмір салтын қалыптастыруға және қазақстандықтарды бұқаралық спортқа тартуға бағытталған балалардың кезекті ойын алаңы Маясова көшесі №40 үйдің ауласында бой көтерді.

2021-2024 жылдар аралығында Арқалық қаласында 396 миллион теңгеге барлығы 36 спорт алаңы орнатылған. Биыл 146 миллион теңгеге бірқатар жұмыстар жоспарлануда. Бұл қаражатқа шағын футбол алаңы, күштік көше тренажерлары, теннист корты және демалыс саябағындағы волейбол, баскетбол алаңдарының тартанды жабындары және басқа да балалардың ойын алаңдары жаңғыртылатын болады.

Халықаралық балаларды қорғау күнінде ел игілігі үшін ашылып отырған волейбол алаңының ашылу салтанатында қала әкімінің орынбасары Мешітбай Жұманов пен аталмыш үй тұрғыны, спорт ардагері Бейсенбай Сандыбаевтар құттықтау сөз сөйлеп, волейболдан қаланың 9 дүркін жеңімпазы, зейнеткер Гүлзада Сейтқалиева мен волейбол, баскетболдан қала мектеп лигасының 3 дүркін жеңімпазы, Кейкі батыр атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушысы Камила Махаева кермесін қиды.

Шашу шашылып, балаларға ойын доптары тарту етілді.

 Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

Арқалық қаласы