Арқалықта ардагер мерейтойының құрметіне бильярдтан турнир өткізілді

Арқалықта ардагер мерейтойының құрметіне бильярдтан турнир өткізілді

Арқалық қалалық Ардагерлер үйінде спорт ардагері, шахмат және бильярдтан қалалық жарыстардың жеңімпазы, Арқалық қаласының құрметті азаматы Айтжан Кенжеғалиұлының 80 жасқа толуына орай бильярдтан ардагерлер арасында қалалық ашық турнир ұйымдастырылды.

Айтжан Кенжеғалиұлы 1946 жылы Жангелдин ауданының Жаркөл ауылында дүниеге келген. Қырық жылға жуық Арқалық боксит кенішінде адымдағыш экскаватор машинисі болып абыройлы жұмыс істеген. «Халықтар Достығы» орденімен марапатталған.

Турнирдің салтанатты ашылуында қала әкімі Әмірхан Асанов мерейтой иесін арнайы құттықтап, иығына құрметпен шапан жапты. Құттықтау хатын тапсырды.

Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы облыстық ардагерлер кеңесінің Құрмет грамотасын табыс етіп, ардақты ақсақалға шапан кигізді. Арқалық қалалық «Мұхтасиб Әлмұхамед» мешітінің бас имамы Балғабай Шәйкемелов жылы лебізін білдіріп, сый-құрметін көрсетті. Мерейтой иесінің құрдасы, белгілі оюшы Шөптібай Байділдин құттықтаулар легін жалғастырып, кітабын сыйға тартты. Арқалық қаласының құрметті азаматы Қайырден Тұрсынбекұлы ардагерлер атынан құттықтау сөз сөйлеп, ортаға сыйлы азаматтың алда да бақытты да баянды ғұмыр кеше беруіне тілелес екендіктерін айтты.

Өз кезегінде Айтжан Кенжеғалиұлы барлық сый-құрметке ризашылығын білдіріп, ел – жұрттың амандығын тілейтінін жеткізді.

Ардагер мерейтойының құрметіне ұйымдастырылған шоқтықты іс-шарада өрелі өнерге де кезек беріліп, дәстүрлі әнші, облыстық термешілер байқауының жеңімпазы Нұрдәулет Тойшин ән-жырдан шашу шашты.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Жарыстың ережесімен ардагерлер ұйымының белсенді мүшелерінің бірі Ботабай Шаимов таныстырып, ойынға қатысушыларға сәттілік тіледі. Турнирді мерейтой иесінің өзі бастап берді.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

                                                                                                          Арқалық қаласы