Арқалықта ақ жаулықты әжелер асық ойнап жарысты

Арқалықта ақ жаулықты әжелер асық ойнап жарысты

Арқалық қаласындағы ардагерлердің белсенді ұзақ өмір сүру орталығында ақ жаулықты әжелер арасында асық ойыны ұйымдастырылды.

Тамара Хайруллақызы орталыққа біраздан бері келіп жүр.

«Бүгін асық ойнап, керемет көңіл көтеріп қалдық. Қыздар жақсы ойын өрнегін көрсетті. Ойнап-күліп бір жасап қалдық. Ұйымдастырушыларға зор алғысымызды білдіреміз», – дейді байырғы қаржы саласының ардагері.

Ол осы жарыста ептілігімен және мергендігімен ерекшеленіп бірінші орынды иеленді. Бір қызығы бұған дейін ешқашан қолына асық ұстап көрмеген екен.

Жарысты жақсы өтті деп ризашылығын білдіргендердің бірі Ұрқия Қарарова. Жасы 72-де.

blank

Немере, шөберелердің ардақ тұтқан әжесі. Жастық шағында асық ойнап өскенін айтады.

Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Түбекбай Әубәкіров жарыстың бұған дейін ерлер арасында да жоғары деңгейде өткенін тілге тиек етіп, қатысушыларға алғысын білдірді.

blank blank blank blank blank blank

Жарыстың нәтижесін хабарлап, жүлдегерлерді бағалы сыйлықтармен салтанатты түрде марапаттады.

blank blank blank

Жарыс қорытындысына тоқтала кетсек ынталандыру сыйлығына Әсия Ниязбекова мен Күлзия Дәрменбаева және үшінші орынға Гүлжиян Байжумина ие болды.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Суреттерді түсірген – автор

                                                                                                               Арқалық қаласы