Оның иесі — Арқалық қаласы «Новый» кентінің тұрғыны Сапабек Жұмашев.
Сапабек Мәтенұлы облыста алғашқылардың бірі болып қос дөңгелекті көлігін тіркеуге қойды. Оған көлігін заңдастыруға қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімі және жергілікті полиция қызметі бөлімі қызметкерлері жәрдемдескен.
Нәтижесінде мопедін тіркеуге қойып, мемлекеттік нөмір алды.
Жігіт ағасы уақыт барда көлігін заңдастырып алғанын, енді қалаған жеріне емін – еркін баратынын айтады.Сондай – ақ, алдарына барғанында жылы қабылдап, көмектерін берген полиция қызметкерлеріне алғысын білдіреді.
2025 жылғы 5 сәуірден бастап жол қозғалысы туралы заңына енгізілген түзетулер күшіне енеді. Яғни, осы күннен бастап 50 текше метрлік мопедтер ресми түрде механикалық көліктер санатына теңестіріледі.
«Бұл дегеніңіз — оларды пайдалану үшін полицияда тіркелу А1 немесе В санатындағы жүргізуші куәлігінің болуын, сонымен қатар техникалық тексеруден және міндетті сақтандырудан өтуді қажет етеді. Тіркелу үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Өзімен бірге жеке куәлігімен мопедтің техникалық құжаттарын апарып аталған көлік құралына керекті қызметтер алады», – дейдіАрқалық қалалық Полиция басқармасы жергілікті полиция бөлімі қызметі басшысының орынбасары, полиция майоры Бекнұр Ерғазин.
Тәртіп сақшылары құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін мопедтерді тіркеуді және жүргізуші куәлігін алуды ұсынады. Ең маңыздысы – жоғарыда көрсетілген уақыттан бастап тіркелмеген мопедтерді жүргізуші куәлігінсіз басқаруға қатаң тыйым салынады.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы