Бүгінде облысымыздың оңтүстік аудандарына орталықтың алыстығы елдің әлеуметтік жағдайын қиындатып отырғаны сөзсіз. Салдарынан арадағы көлік қатынасы жылдам дегенде жарты күн уақытты алады. Бұрын Торғай облысының орталығы болып тұрған кезде үлкен әуе кемелерін қабылдай алатын орын болғанын қазіргі сақталған ұшып-қону жолағы ғана еске салады. Облыс жабылғасын ел әкімшілігінің қарауынсыз қалып, жекеге сатылды. Биыл АMANAT партиясының өкілдері осы өңірдің халқымен жолыққанда, әсіресе, қыс мезгілінде ортаға әуе қатынасының қажеттігі көптен бергі мәселе ретінде депутаттармен талқыланды. Қазақстан Парламент мәжілісінің кезекті отырысында осы мәселенің түйіні тарқылтылды. Халық қалаулысы Берік Бейсенғалиев аталған мәселеге байланысты ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдады.
“Менің депутаттық сауалым ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярға жолданады. 19 желтоқсанда Көлік министрі Балқаш пен Үржардың әуежайларын жаңғырту жоспарланғанын айтты. Сондай-ақ Қарқаралы мен Ұлытауда әуе қатынасы жаңғыртылатынын, Зайсан мен Қатонқарағайда әуежай салу пысықталуда деп хабарлады. Әрине, Үкімет басшыларының бұл бастамасы көлік логистикасына ғана емес, сол жердегі тұрғындардың әлеуметтік жағдайына да оң әсерін тигізетіні сөзсіз. Осы орайда АMANAT фракциясы өкілдерінің Арқалық қалысы, Аманкелді, Жанкелдин аудандарының халықымен кездесулерінде айтылғандай, көптен бері қозғалып жүрген мәселе ретінде Арқалықта да әуе жай салу керектігін еске салғым келіп отыр”, – келіп отыр деді депутат.