Арқалық жұрты Республика күнін атап өтті

Арқалық жұрты Республика күнін атап өтті

1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады.

Азаттықтың алған отыз жылдан астам уақытта еліміз түбегейлі өзгерістерге қол жеткізді. Бүгінде Тәуелсіз Қазақстанның әлем қауымдастығында алар орны ерекше. Еліміз бейбітшілік пен тұрақтылықтың, ынтымақ пен бірліктің мекеніне айналды.

  «Үкіметіміздің Торғай өңіріне назар аударуының арқасында, облыс басшылығының қолдауымен биыл қаламызға қомақты қаражаттар бөлінді. Қаланың инженерлік жүйесін жаңарту бойынша үш жылдық жобаның бірінші кезеңін аяқтап жатырмыз. Көппәтерлі үйлердің,әлеуметтік нысандардыңбіразын жөндеуден өткіздік. Орталық саябақты қалпына келтіріп, тұрғындардың демалыс уақытын тиімді өткізетін орнына айналдырдық, Жаңа спорттық залдар мен алаңдар, балалар ойнайтын алаңдар орнаттық. Халықтың тұрмыстық деңгейін арттыру, лайықты өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету бойынша көп жұмыстар атқарылып отыр. Бәріміз осылай бірігіп еңбек етсек,еліміздің одан әрі гүлдене түсетініне сенімдімін»,– деді қала әкімі Әмірхан Асанов Республика күніне орай ұйымдастырлған«Қазақстан қыран елім, ұлы далам» атты мерекелік іс-шарада.

Қала әкімі еңбек озаттары мен майталмандарына облыс әкімінің және қала әкімінің «Құрмет грамоталарын» тапсырды.

Арқалықтықтар  жасөспірімдер театры әртістерінің сахналалған қойылымы мен қала көркемөнерпаздары әзірленген концертін тамашалады.

 

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Суреттерді түсірген автор

Арқалық қаласы

Жаңалықтармен бөлісу