Күре жолдың құрылысы қарқынды. Құрылысшылар Арқалықтан Ұлытау ауданының шекарасына дейін 83 шақырым жолды биыл толық аяқтайды.
Сонда қалып тұрғаны Ұлытаудан Жезқазған қаласына дейінгі аралық. Дегенмен, ол жолдың жағдайы өте жаман емес. Әзірше жүруге болады. Ал, Арқалықтан Ұлытауға дейінгі жол бұрын сын көтермейтін еді. Көтерме жол деген аты болғанымен көліктердің асфальтсыз жай жолмен жүруіне тура келді. Кеңес дәуірінен бері көріп жүрген жағдай осы.
Сол себепті, бұл жолмен жүретін көліктер де жоқтың қасы. Енді, жол салынғаннан кейін мыңдаған көліктердің әрі-бері қатынауына жол ашылады. Бұл жолдың салынуының арқасында орталықпен жол қатынасы 500 шақырымға дейін қысқарады.
Жолдың қазіргі жағдайы 4 шақырым төменгі қабаты18 шақырым жоғарғы қабаты ғана қалған. Қысқа дейін құрылысы аяқталады.
Президент пәрменімен салынғалы жатқан «Орталық-Батыс» жолы да Арқалық қаласының іргесінен өтеді. Нәтижесінде, күніне Оңтүстіктен 2 жарым мыңдай, батыстан 3 жарым мыңдай көлік жүреді.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Суретке түсірген Бердіболат Көркембаев
